ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
Жігершілердің самбо бойынша жетістіктері
25-06-2021 10:40
Жігершілердің самбо бойынша жетістіктері

Павлодар қалалық білім бөлімі «Жігер» балалар мен жасөспірімдер клубының «Сауран» клубының 5 тәрбиеленушілерінен құралған команда 2021 жылдың 18 - 20 маусымында өткен қалалық самбо ашық турниріне қатысты. Жарыстар Павлодар қаласындағы «Баянтау» Спорт сарайында 10 - 17 жас аралығындағы ұлдар мен қыздар арасындағы өтті.

Турнир қорытындысы бойынша «Эмералд», «Дос» клубтары, «Сұнкар», «Нұртас» балалар мен жастар спорт клубы, Павлодар қаласының «Батыр»  балалар мен жастар спорт клубы, Тереңкөл, Шарбақты селоларының балалар мен жасөспірімдер спорт клубы, Нұр-Сұлтан қаласы клубтарының 100 қатысушсының ішінен 4 «Жігер» клубының қатысушылары медаль жеңіп алды. Олардың жаттықтырушысы Азамат Оразгелдіұлы Тоқкожин, бірінші санаттағы жаттықтырушы және оқытушы. Акжанов Алижан алтын медальмен, Богомбаева Томирис күміс медальмен, Уалитов Ануар, Акжанов Нурислам қола медальмен марапатталды.

№ 19 орта мектептің 3, 5-сынып оқушылары Әлижан және Нұрислам Ақжановтар, екінші жыл «Сауран» күрес секциясына қатысады. Олар үнемі дзюдо, самбо және қазақ күресі бойынша қалалық жарыстарға үнемі қатысып, жүлделі орындарға ие болып жүр. Нұрислам биылғы жылы «Жүре-тірену, жатып-тірену» онлайн турнирінде  екінші орынға, қазақ күресі бойынша біріншілікте үшінші орынға ие болды. Әлижан үшін бұл осы деңгейдегі алғашқы жеңіс.

№ 12 орта мектептің 7-сынып оқушысы Томирис төртінші жыл «Сауран» клубының күрес секциясына қатысады. Осы уақыт аралығында ол бірнеше рет дзюдо, самбо қазақ күресі бойынша облыстық, республикалық турнирлер мен жарыстардың жеңімпазы және жүлдегері. 2020 жылы ол облыстық  Серке тарту онлайн-турнирі бойынша алтын медальды, 2021 жылы дзюдодан Нұр-Сұлтан қаласында өткен ашық республикалық турнирде қола медальды жеңіп алды.

№ 5 орта мектептің 7-сынып оқушысы Уалитов Ануар «Сауран» клубының күрес секциясына үшінші жылдан бері қатысады. Ол Серке тартудан облыстық онлайн-турнирдің күміс жүлдегері, қашықтықтан өткізілген қолмен тартылу турнирі бойынша қола жүлдегері (2021).