ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
Білім беру мазмұнын жаңарту жағдайында жас мамандардың кәсіби қалыптасуындағы әдістемелік қызметтің рөлі
01-07-2021 09:59
Білім беру мазмұнын жаңарту жағдайында жас мамандардың кәсіби қалыптасуындағы әдістемелік қызметтің рөлі

Қазіргі жас мұғалім ... бұл жігерлі, шығармашыл, ұтқыр, барлық жаңа нәрселерге ашық және оқушылардың қызығушылығына бейім мұғалім. Сонымен бірге, бұл әлі білімі, тәжірибесі жеткіліксіз мұғалім. Жаңадан келген мұғалім өзінің кәсіби қызметінің бірінші сатысында тұр және ол әрине, жұмыста қиындықтарға тап болады. Жаңа бастаған мұғалімдердің жұмысының ерекшелігі - олар бірінші күннен бастап барлық ұстаздармен қатар бірдей міндеттерге ие болады және көп жылдық жұмыс тәжірибесі бар мұғалімдер сияқты жауап береді, ал ата-аналар, әкімшілік және әріптестер олардан бірдей мінсіз кәсіпқойлықты күтеді. Кәсіби педагогикалық сүйемелдеудің болмауы, жас маманның таңдаған мамандығына қанағаттанбауына, осындай мамандықты таңдағаны үшін көңілі қалып және одан кетуге әкеледі.

А. С. Макаренко жас мамандарды кәсіби сүйемелдеу қажеттілігі туралы былай деп жазды: «Мұғалім педагогикалық жоғары оқу орнын қаншалықты сәтті бітірсе де, егер ол тәжірибе барысында үйренбесе, ол ешқашан жақсы педагог болмайды». Павлодар қаласы үшін бұл мәселе өзекті. Соңғы 3 жылда қала мектептеріне 409 жас маман келді, бұл қаладағы барлық педагогтар санының 12%-ын құрайды. Қаланың педагогикалық корпусының көп бөлігін жоғары білікті педагогтар құрайды (1 және жоғары санатты педагог-шеберлердің, зерттеушілердің, сарапшылардың үлесі 75%-дан асады), сондықтан жастар арасынан кадрлық резервті уақтылы даярлау талап етіледі.

Қалада жас мамандардың табысты бейімделуіне жағдай жасауды, олардың өзін-өзі көрсетуіне, шығармашылық қабілеттерін ашуды және кәсіби құзыреттілігін арттыруды қамтамасыз ететін жас мамандарды тиімді сүйемелдеу нысандары қалыптасты, олар қаланың әдістемелік кабинеті мен жалпы білім беретін мектептер әкімшіліктерімен сынақтан өткізілуде. Сондықтан әдістемелік кабинеттің жұмыс жүйесінде жас мамандармен жұмыс істеу маңызды орын алады. Әдістемелік жұмыстың бұл бағыты «Жас педагогтардың кәсіби қасиеттерін қалыптастыру және бағалау» («ПроЛС» клубы) инновациялық жобасы аясында жүзеге асырылды. «ПроЛС» клубының жұмысын жоспарлау жас мұғалімдердің кәсіби қиындықтарын диагностикалау негізінде жүзеге асырылады. Осылайша, жаңадан бастаған педагогтардың 69%-ы сабақтың мақсатын қоюда, 80%-ы сабақтың мазмұнын таңдауда, 84%-ы сабақ технологияларын таңдауда, оның ішінде бағалау, 74%-ы үй тапсырмасы, 56%-ы оқушылардың іс-әрекетін ұйымдастыруда, сабақта саралауда қиындықтарға тап болады. Бұл мәселелер «ПроЛС» клубының отырыстарын жоспарлаудың негізгі міндеттерін белгіледі. Олардың ішінде - жас мамандардың бейімделуі кезеңінде психологиялық қолдауды қамтамасыз ету, неғұрлым типтік қателіктерді анықтау және алдын алу, педагогикалық қиындықтарды жеңуге көмек көрсету, жас мамандар мен тәжірибелі педагогтар арасында ынтымақтастық пен өзара іс-қимыл қатынастарын орнату, оң педагогикалық тәжірибені жинақтау, жас мұғалімдердің жұмысына заманауи білім беру технологияларын сынақтан өткізу және енгізу, шығармашылық қызметтің жеке стилін қалыптастыруға, жас педагогтардың кәсіби өсуіне ықпал ету.

 

Білім беру бөлімінің әдістемелік кабинеті жас педагогтармен жұмыстың өзекті мазмұны мен қазіргі заманғы тиімді форматтарын іздестіруді жалғастыруда, жұмыстың инновациялық форматтарын сынақтан өткізуде. Жас мамандардың кәсіби қасиеттерін табысты қалыптастыруға жұмыс практикасында қалыптасқан іс-шаралар жүйесі мен қызметті ұйымдастыру нысандары ықпал етеді: заманауи сабақ әдістемесі мен бағалау жүйесі бойынша семинар-коучингтер, «Тайм-менеджмент және жас маманның портфолиосы» мәселесі бойынша семинар-практикумдар сериясы.

Жыл бойы педагогикалық шеберлік орталығының тренерлерімен ынтымақтастықта жас педагогті әдістемелік сүйемелдеудің өзекті мәселелері бойынша, оның ішінде қашықтықтан оқытуды ұйымдастыру мәселелері бойынша практикалық сессиялар өткізілді: сабақты жоспарлауда 4к моделін тиімді қолдану, қашықтықтан оқытудың онлайн-сабақтарын ұйымдастырудың тиімді тәсілдері, білім берудің жаңартылған мазмұны жағдайында оқытудың сараланған тәсілі, критериалды бағалау. Бағалауға арналған тапсырмаларды әзірлеудің әдістемелік тәсілдері, мұғалімнің көшбасшылығы білім беруді жаңартудың табысты факторы ретінде.

Жас педагогтердің кәсіби дамуын қамтамасыз ететін үйреншікті нысандармен қатар, жастардың педагогикалық ойындарын іске асыру арқылы кәсіби дамудың инфрақұрылымы өзгереді. «Менің кәсіби таңдауым» конференциясы, «Педагогикалық ринг», жас мамандардың КТК, «3 ұрпақ кездесуі», «Назарбаев Зияткерлік мектебінің педагогтарымен кездесу» жас мамандарға арнау, тәлімгерлер және жас мамандар форумы балалармен жұмыс тәжірибесінде алынған тәжірибенің табысты көрсетілуіне ықпал етеді. Осындай іс-шараларға қатыса отырып, жас мұғалімдер жұмыстың игерілген форматтарын балалармен жұмыс тәжірибесіне ауыстырады.

ПроЛС жобасын іске асыру кәсіби мансаптың қалыптасуын, hard және soft skills қалыптастыруды, жас педагогтің жеке дамуын, жас мамандардың сапалы және әдістемелік деңгейін арттыру мәселелерін шешуді, жас мамандардың кәсіби байқауларға қатысуының нәтижелілігін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді, аттестаттау үдерісінде біліктілік пен санатты арттыру, жас педагогтің өзіндік кәсіби ұстанымын әзірлеуді қамтамасыз етеді.

«Педагог мәртебесі туралы» Заңды жүзеге асыру аясында әдістемелік кабинет жанынан «Тәлімгерлер мектебі» құрылды. 2020 жылдың 1 қыркүйегінен бастап қала мектептерінің жас мамандарына 6 педагог - шеберден және 110 педагог-зерттеушіден 116 тәлімгер бекітілді. Оқу жылы барысында Тәлімгер мектебі аясында № 16, 34, 36, 24 мектептердің кәсіби дайындық деңгейін және жас педагогтің жеке қажеттіліктерін анықтау диагностикасының өзекті мәселелері, кәсіби дайындық деңгейін диагностикалау нәтижелерін ескере отырып, тәлімгердің жұмысын жоспарлау негіздері, жас мамандармен тәлімгер жұмысының тиімді нысандарын таңдау, жас мұғалімді дербес педагогикалық қызметке бейімдеу тиімділігін анықтау бойынша жұмыс тәжірибесі таныстырылды.

Жыл қорытындысы бойынша ZOOM платформасында «Мектеп болашағы - жас мұғалімнің қолында» - «Будущее школы - в руках молодых педагогов» атты офлайн және онлайн форматтарда жас педагогтар мен тәлімгерлердің 1 қалалық форумы өткізілді, оған зияткерлік және шығармашылық байқаулардың, жарыстардың, халықаралық, республикалық, облыстық деңгейдегі олимпиадалардың жеңімпаздары қатарынан қаланың 42 мектебінен 120 жас педагогтер мен олардың тәлімгерлері қатысты. Дарынды педагогты қалыптастырудың кәсіби құпияларымен жас мамандар және олардың тәлімгерлері Б. Ш. Максилова, Павлодар облысы Аналар кеңесінің төрайымы, «Нұр-ана әлемі» қоғамдық бірлестігінің төрайымы, педагогикалық еңбек ардагері, тәжірибелі тәлімгер С. Ш. Сеитова, қалалық педагогикалық қызметкерлер кәсіподағының төрайымы Ж. Ж. Жақсылықова, № 16 лицей-мектебінің бастауыш сынып мұғалімі, Г. Б. Есмакаева, № 21 мектептің география және тарих мұғалімі, зерттеуші бөлісті.

Жас мамандарды әдістемелік сүйемелдеуінің нәтижелілігін біз, қала мектептерінде жас мамандардың орнығу деңгейін арттыру, іс-шараларды өткізуге жас мамандарды кеңінен тарту, оқушылармен жұмыс істеуде оң нәтижелерге қол жеткізуге мүмкіндік беретін ісін жаңа бастаған педагогтердің табысты бейімделуі, жас педагогтің шығармашылық әлеуетін ашу, тұрақты өз бетінше білім алуға қалыптасқан қажеттілік, өзінің педагогикалық білімін толықтыру, жас мамандардың біліктілік санатын арттыру сияқты көрсеткіштердің оң серпіні бойынша бағалаймыз.

2019 - 2020, 2020 - 2021 оқу жылдар ішінде педагог-модератор санатын беру үшін 63 жас педагог аттестаттаудан сәтті өтті, оның ішінде 38-і ұлттық біліктілік тестін тапсырмай-ақ өтті. Қалыптасқан жұмыс жүйесінің тиімділігін жас педагогтердің кәсіби бйқауларға қатысу нәтижелері растайды: 3 жыл ішінде нәтижелілік серпіні 57,3%-ды құрады. 2020 - 2021 оқу жылында жас мамандардың 8-і республикалық, 36-облыстық, 49-қалалық кәсіби байқаулардың жүлдегерлері атанды. Осының барлығы, Павлодар қаласының білім беру мекемелерінде жас мамандарды әдістемелік сүйемелдеу бойынша қалыптасқан жұмыс жүйесінің тиімді екеніне сендіреді.