ВЕБ-САЙТЫ ОБРАЗОВАТЕЛЬНЫХ УЧРЕЖДЕНИЙГОРОДА ПАВЛОДАРА
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Pavlodar, 25 Krivenko St.
32-21-67
телефон доверия/Call-центр
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Оқушылардың орындауындағы заманауи билер
07-07-2021 09:39
Оқушылардың орындауындағы заманауи билер

Павлодар қаласы білім беру бөлімінің «Павлодар дарыны» жұмыспен қамту және балалар дарындылығын дамыту орталығының «Жазғы круиз» жазғы кешенді бағдарламасы шеңберінде 2021 жылғы 14 маусым - 1 шілде аралығында «Шаг вперед» жазғы қалалық байқауы өтті. Мақсаты - жасөспірімдердің шығармашылық әлеуетін іске асыру, би шығармашылығының мәдениетін дамыту. Байқауға қаланың 14 жалпы білім беретін мектептерінің 5 - 11 сыныптарынан 65 оқушы қатысты.

- Байқауға қатысушылар «Техно», «Диско», «Современные танцы» стиліндегі би жазбалары бар бейнероликтерді ұсынды. Би орындау барысында қатысушылар бидің қайталанбас ерекшелігін, әсемдігі мен энергетикасын меңгергендігін көрсете алды, Орындаушы үшін қажетті - үйлестіру, ырғақ сезімі, дене еркіндігі, сахналық кеңістіктегі бағдар сияқты қасиеттерді қалыптастырды, - дейді орталық әдіскері, байқауды ұйымдастырушы Төлеген Тәткен.

Байқау қорытындысы бойынша «Современные танцы» номинациясында 7 сыныптың 6 оқушысынан тұратын № 24 мектептің командасы I орын алды. Классикалық би орындаушылары аяқтың бұралуын көрсетіп, арқаның дұрыс қойылуы мен үйлестірілуін сақтай алды. ІІ орынды № 7, 17, 26 мектеп командалары, ІІІ орынды № 2, 9 мектеп командалары иеленді.

«Техно» номинациясында І орынды жетекші мектептің 5 сынып оқушысы Байсупинов Таңат иеленді. Өзінің бейнесінде ол электронды музыканың би стилін және би өнерінің заманауи бағыттарын қалай меңгергенін көрсетті. ІІ орынды № 16 мектеп-лицейінің командасы иеленді.

«Диско» номинациясында І орынды № 29 мектептің командасы иеленді. 6 - 8 сыныптардың 7 оқушысынан тұратын команда 80-ші жылдардағы диско стиліндегі биді орындады. Спорттан оларға нақтылық, орындау дәлдігі, гимнастика және акробатика элементтері, физикалық төзімділік қажет болды. ІІ орынды № 43 мектеп командасы иеленді.

Жеңімпаздар мен жүлдегерлер І, ІІ, ІІІ дәрежелі дипломдармен, қатысушылар - «Павлодар дарыны» орталығының сертификаттарымен марапатталды.