ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
Қаланың білім беру қызметкерлерінің тамыз педагогикалық секцияларын өткізу туралы
17-08-2021 11:28

«Білімді ұлт - тұрақты даму кепілі»тақырыбындағы тамыз педагогикалық оқулары аясында 2021 жылдың 20 тамызында Павлодар қаласы білім беру бөлімінің әдістемелік кабинеті ZOOM платформасында онлайн режимінде білім беру қызметкерлерінің дәстүрлі, тамыз педагогикалық форсайт - сессиясын өткізеді.

Педагогикалық форумның мақсаты оқу-тәрбие процесінің дәстүрлі және аралас форматтарында заманауи технологияларды пайдалану бойынша педагогикалық іс-әрекет тәжірибесімен алмасу, педагогтердің әдістемелік және кәсіби деңгейін жетілдіру, кәсіби диалогты ұйымдастыру және тәжірибе алмасу болып табылады.

Форсайт-сессия жұмысында Павлодар қаласының жалпы білім беретін мектептерінің 2000-нан астам пән мұғалімдері, мектепке дейінгі және мектептен тыс мекемелердің мұғалімдері өз тәжірибелерімен бөліседі. Секциялардың модераторлары Павлодар облысы бойынша «Өрлеу» БАҰО АҚФ, ПҚ БАИ, «ИЦРО», «ПШО» АҚ жетекші қызметкерлері мен жаттықтырушылары болып табылады.

Мектеп педагогтері оқу үдерісін ұйымдастырудың инновациялық тәжірибесімен танысады, бастауыш, жалпы орта білім беру сапасының өзекті мәселелерін талқылайды: проблемалар, тәсілдер, перспективалар, топтық жұмыс формасын ұйымдастыру барысында қалыптастырушы бағалаудың тиімділігі н, білім беру процесіне қатысушылар мұғалім - оқушы- ата-анаар асында тиімді кері байланысты ұйымдастыру.

Сыныптан тыс жұмыстарды ұйымдастырудың инновациялық тәсілдері мектептен тыс мекеме педагогтарының назарында болады.

Қатысушылар мектеп, балабақша мен мектептен тыс мекемелердің озық педагогикалық тәжірибелерін талқылайды, оқыту дағдыларын қалыптастыру бойынша инновациялық технологияларды қолдану шеберлік сынып сағаттарын ұсынады, мұғалімдердің кәсіби құзыреттіліктерін дамыту, оқушылар мен тәрбиеленушілердің функционалдық сауаттылығын дамыту, бітірушілерді қорытынды аттестаттауға дайындық ерекшеліктері мен оқушылардың жетістіктерін мониторингілеу пайыздарын, оқушылардың оқу сауаттылығы мен оқуға деген қызығушылық деңгейін арттыру бойынша жұмыстың тиімді әдістерін талқылайды, ата-аналармен өзара әрекеттесудің тиімді жолдары.

        

Павлодар қалалық білім бөлімінің әдістемелік кабинеті