kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
телефон доверия/Call-центр
8 7182 32 19 37

Азаматтарды жеке қабылдау кестесі
Сайттың аналитикасы
Бір жылда2234967
Бір айда200244
Бір аптада47841
Кеше4050
Тәулік2926
Павлодардың жас футболшылары Қазақстанның жасөспірімдер құрамасына шақырылды
08-09-2021 09:29
Павлодардың жас футболшылары Қазақстанның жасөспірімдер құрамасына шақырылды

Павлодардың жас футболшылары Қазақстанның жасөспірімдер құрамасына шақырылды. Павлодар футбол федерациясының мәліметінше, олардың бірі ерлер командасының жас спортшысы Сергей Божко. Сондай-ақ республикалық командаға Павлодар қаласының «Жұлдыз» футбол орталығының әйелдер командасының жартылай қорғаушысы Аяжан Қожабекова шақырылды.

Сергей Павлодар қаласының Мақпалеев атындағы ЖОМ 10-сыныбында оқиды. Футболмен олимпиадалық резервтегі мамандандырылған балалар мен жасөспірімдер мектебінде 2-сыныптан бастап айналысқан. Сергей 11 жасынан бастап футболдан облыстық турнирлерге қатысып, жүлделі орындарға ие болды. Сергейге олимпиадалық резервтегі футбол командасының алғашқы жаттықтырушысы Евгений Карлов футболға деген сүйіспеншілігін ұялатты. 2018 жылдан бастап «Ертіс» футбол орталығының командасы құрамында ойнайды, 2019 жылы команда Ақтау қаласында Қазақстан чемпионы атанды. Сол жылы команда құрамында Сергей Түркияның Алания қаласында өткен халықаралық турнирге қатысты, футболшылар II орын алды, жаттықтырушысы Алексей Олегович Сорокин болып табылады. Қазіргі уақытта 2021 жылғы 27 тамыз бен 8 қыркүйек аралығында Португалияда өтетін Еуропа - 2022 чемпионатының іріктеу матчтарына дайындыққа қатысуда. Оқу-жаттығу жиыны Талғар қаласында өтуде.

Аяжан Павлодар қаласының № 25 ЖОМ 10 сыныпта оқиды. Футболмен 10 жасынан бастап айналысады. 2019 жылы өзінің спорттық қызметін «Жұлдыз» футбол клубында бастады, осы жылы Қазақстанның үздік жартылай қорғаушысы болып танылды. Қостанай қаласында команда Қазақстан чемпионатында III орын алды. 2021 жылы Бұқтырма демалыс орнында жасөспірімдер турнирі өтіп, команда І орынға ие болды. 2 турда Аяжан 4 гол соғып және голдық берілістер берді. Биыл Қазақстан құрамасына футболдан 17 жасқа дейінгі командалар арасындағы FIFA U-17 World Cup (футболдан Ю17 халықаралық футбол жарысы) жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатына қатысуға шақыртылды. Ол Шымкент қаласының командасымен бірге жаттығатын болады.