ВЕБ-САЙТЫ ОБРАЗОВАТЕЛЬНЫХ УЧРЕЖДЕНИЙГОРОДА ПАВЛОДАРА
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Pavlodar, 25 Krivenko St.
32-21-67
телефон доверия/Call-центр
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Қазақ тілінде мәнерлеп оқу челленджі
14-09-2021 09:23
Қазақ тілінде мәнерлеп оқу челленджі

Қазақстан халқы тілдері күнін өткізу қарсаңында Павлодар қаласының білім беру бөлімі «Ана тілің - арын бұл» республикалық челленджінің қалалық кезеңін өткізді. 3 - 6 жастағы 130 бала, қаланың мектепке дейінгі ұйымдарының ата - аналары мен педагогтары қатысты. Мақсаты - мектеп жасына дейінгі балаларды көркем сөз арқылы туған елінің тарихына деген мақтаныш, құрмет сезімін тәрбиелеу.

Челлендждің шарты бойынша қатысушылар қазақ тілінде өлеңдер, ертегілер, әңгімелер оқыды. Таңдалған материалдың челлендж тақырыбына сәйкестігі, шығарманың атауы мен авторын жариялау, интонация, бет-әлпет, шығарманың мәтінін білу және дұрыс айтылу арқылы әдеби шығармаға деген көзқарасын білдіру мүмкіндігі бағаланды.

Қалалық кезеңнің қорытындысы бойынша 6 номинациядан жүлделі орындар анықталды.

«Үздік жеке мәнерлеп оқу» номинациясы бойынша № 5 балабақшаның 5 жасар тәрбиеленушісі Нағашбай Айзера «Ана тілің - арын бұл» өлеңін мәнерлеп оқығаны үшін, № 23 балабақшаның 5 жасар тәрбиеленушісі Ақылбек Дарын «Қазақ тілі» өлеңін оқығаны үшін, № 43 балабақшаның 5 жасар тәрбиеленушісі Бекболат Айзада «Үш бақыттым» өлеңін орындағаны үшін үздік деп танылды.

«Басқа ұлттың үздік оқушысы» номинациясында «Ана тілің - арын бұл» өлеңін мінсіз орындағаны үшін 5 жаста, «Zaman Star» білім беру-дамыту орталығының № 10 сәбилер - бақшасының тәрбиеленушісі Шухратов Имран үздік деп танылды.

«Үздік отбасылық өнер көрсету» номинациясында «Ана тілің - арын бұл», «Үш бақытым» өлеңдерін мәнерлеп оқығаны үшін 5 жастағы, № 6 мектепке дейінгі гимназияның тәрбиеленушісі, Оразалы отбасы қызы Айыммен және 5 жастағы, № 29 балабақша - Мерей» білім беру-дамыту орталығының тәрбиеленушісі Ибадуллиндер отбасы қызы Айлинмен үздік деп танылды.

«Үздік тандем» номинациясында М. Мақатаевтың Үш бақытым» өлеңін орындағаны үшін № 37 балабақшаның тәрбиеленушісі, 5 жасар Серіковтар отбасы ұлы Ернармен үздік деп танылды.

«Педагогпен және ата-аналармен үздік өнер көрсету» номинациясында № 116 сәбилер-балабақшасының тәрбиешісі Любовь Сергеевна Швайцер үздік деп танылды. «Жеңіске деген жігері үшін» номинациясында № 45 сәбилер-балабақшасының тәрбиеленушісі 5 жасар Булановтар отбасы ұлы Артеммен және челлендждің ең жас қатысушысы, № 46 сәбилер-балабақшасының тәрбиеленушісі 3 жасар Дастан Айкөркем үздік деп танылды.

Челлендждің облыстық кезеңіне Шухратов Имран, Оразалы және Ибадуллиндер отбасы қатысты. Облыстық турдың қорытындысы бойынша Ибадуллиндер отбасы қызы Айлинмен «Педагогпен және ата-аналармен үздік өнер көрсету» номинациясында үздік деп танылды.