ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
Оқушылардың функционалдық сауаттылығы - білім беру сапасын жақсартудың маңызды құралы
22-09-2021 09:32
Оқушылардың функционалдық сауаттылығы - білім беру сапасын жақсартудың маңызды құралы

Функционалдық сауаттылық негіздері сөйлеу әрекетінің түрлі қызметтері - оқылым, жазылым, айтылым және тындалым қарқынды түрде оқытылатын бастауыш сыныптарда қалыптасады. TIMSS и PIRLS зерттеулері бойынша жүйелі түрде жүргізілген дайындық жұмыстары оны дұрыс ұйымдастырған жағдайда оқушылардың мұғалім жіберген кезде алған дайын білімдерімен салыстырғанда білімді неғұрлым тереңірек әрі берік меңгеруіне ықпал етеді.Бүгінде Қазақстан дағдылардың өмір бойы дамуын көрсететін бірнеше халықаралық салыстырмалы зерттеулерге қатысады.Солардың ішінде TIMSS зерттеуі де бар. TIMSS мектептегі математикалық және жаратылыстану-ғылыми білім беру сапасы халықаралық мониторингтік зерттеуі–оқу жетістіктерін бағалау жөніндегі халықаралық қауымдастығымен ұйымдастырылған. Бұл зерттеу әртүрлі елдердегі бастауыш мектептің 4-сынып оқушылары мен 8-сынып оқушыларының математикалық және жаратылыстану-ғылыми білім деңгейі мен сапасын салыстыруға мүмкіндік береді.

2015 жылдан бастап жеті жыл бойы Павлодар қаласы білім беру бөлімі әдістемелік кабинетінің басшылығымен «TIMSS» және «PIRLS» бағдарламаларының зерттеулері негізінде түрлі құзыреттілікке бағытталған тапсырмаларды құрастыру бойынша бастауыш сыныптардың шығармашылық топтары жұмыс істейді. 2014 - 2015 оқу жылында № 21 қалалық мектепте 20 адамнан тұратын бастауыш сынып мұғалімдерінің шығармашылық топтары құрылды. Аталған бірлестіктердің жетекшілері Наталья Владимировна Гетманская (орыс сыныптарының мұғалімі), Рысжан Құрманқызы Дүйсенова (қазақ сыныптарының мұғалімі). 2016 - 2017 оқу жылында «PIRLS» халықаралық бағдарламасымен жұмыс істейтін бастауыш сынып мұғалімдерінің шығармашылық тобы құрылды. Топ жетекшісі Жанар Аманқызы Алпыспаева (орыс тілінде оқыту) және Сандуғаш Ғаббасқызы Смағұлова, Қарлығаш Шишқанқызы Байшүкір (мемлекеттік тілде оқыту). Шығармашылық топтарының мақсаты: білім беру мазмұнын жаңартумен байланысты «TIMSS» және «PIRLS» бағдарламаларының зерттеулері негізінде әртүрлі құзыреттілікке бағытталған тапсырмаларды құрастыру бойынша педагогтарды жұмысқа тарту. «TIMSS» бағдарламасының зерттеулері негізінде түрлі құзыреттілікке бағытталған тапсырмаларды құрастыру бойынша шығармашылық топтарды құру «TIMSS» халықаралық қауымдастығының материалдары негізінде 4-сынып оқушыларының математикалық және жаратылыстану-ғылыми білімдерінің жетістіктерін бағалау бойынша құрылды. Сондай-ақ, PIRLS шығармашылық тобында «Оқушыларды халықаралық PIRLS зерттеуіне дайындау» тақырыбы бойынша тапсырмалар оқушылардың оқу сауаттылығын дамытуға бағытталған.

Шығармашылық топ 1 - 4 сыныптардан бастап, кіші сынып оқушыларын TIMSS зерттеулеріне дайындау бойынша материалдарды әзірлейді: «Бастауыш сынып оқушыларын PIRLS халықаралық зерттеулеріне дайындау үшін мәтіндер мен тапсырмалар жинағы», «PIRLS оқу сауаттылығын қалыптастыруға арналған Тренажер» жинағы, «TIMSS бағдарламасы шеңберінде практикалық сабақтарды өткізу бойынша әдістемелік құрал», «TIMSS бағдарламасын орындау бойынша практикалық сабақтар», «4 сынып оқушысының жұмыс дәптері» (оқу құралы үш тілде анотациядан, жұмыс парақтарынан, дескрипторлардан және әрбір парақ бойынша мұғалімге арналған жауаптар банкінен тұрады). Бұл жұмыстардың мақсаты мектеп оқушыларында проблемаларды шешудің құзыреттілігін, сондай-ақ коммуникативтік және ақпараттық құзыреттілікті құрайтын іс-әрекет тәсілдерін қалыптастыруға мүмкіндік беретін жағдайлар жасау болып табылады. Қалалық шығармашылық топтардан күтілетін нәтижелері осы зерттеулердің практикалық дағдыларын игеру болып табылады. Бұл - білім берудің ресми барысын оқушы мен мұғаліммен бірлесіп талқылау кезінде нақты оқу міндеттерін шешу, білімді тәжірибе жүзінде түсіну және қолданумен алмастыру болып табылады.

Біз ұсынған жұмыс дәптері осы жағдайда өзекті болып табылады, ол «TIMSS» бағдарламасын зерттеу негізінде әзірленген және мынадай міндеттерді шешеді: оқушылардың математикалық, жаратылыстану-ғылыми білім мен білік жүйесін берік және саналы меңгеруін қамтамасыз ету, пәнге тұрақты қызығушылықты қалыптастыру, оқушылардың қабілеттерін анықтауды және дамытуды көздейді. Осы зерттеудегі барлық тапсырмалар 6 бөлімге бөлінеді: Математика: мәліметтерді ұсыну, сандар, геометриялық фигуралар және өлшемдер. Жаратылыстану блогы: биология, география және астрономия, физикалық ғылымдар. Оқушының бұл жұмыс дәптерінде «TIMSS» бағдарламасын зерттеу негізінде әр түрлі құзыреттілікке бағытталған тапсырмалар және «TIMSS» халықаралық қауымдастығы материалдарының негізінде жасалған практикалық сабақтар бар. Мазмұны бастауыш мектеп оқушыларының математикалық, жаратылыстану-ғылыми білім беру мазмұнына қолданыстағы бастауыш білім беру стандартына кірмейтін бірқатар мәселелерді енгізудің орындылығы мен мүмкіндігін растайтын Блум таксономиясының деңгейлері бойынша практикалық сабақтарды әзірлеу арқылы ұсынылған.

- Бұл топта осы зерттеудің практикалық дағдыларын игерудің маңыздылығын толық түсінетін адамдардың бары анықталды. Жаңартылған білім беру мазмұны кезеңінде «TIMSS» бағдарламасының зерттеулері негізінде бірнеше құзыреттілікке бағытталған тапсырмаларды құрастыру арқылы 24 әдістемелік құралдың шығарылуы осындай формдардың нәтижесі болды, олар қалалық, облыстық деңгейде деп танылды. Міндетті жалпы білім алған оқушыларымыздың қазіргі заманғы қоғамға бейімделіп, толыққанды жұмыс істеуі үшін, яғни адамның іс-әрекеті, қарым-қатынасы және әлеуметтік қатынастардың түрлі салаларындағы ауқымды мәселелерді шешуге қажетті білімдері мен іскерліктерінің деңгейі біз бен сіздер атқарған жұмыстың сапасына байланысты болмақ.Танымдық процестің барлық қатысушылары өмірде жаратылыстану және математикалық ұғымдарды барынша кең игеру, түсіну және қолдану адамзат үшін қаншалықты зор мүмкіндіктерді ашатынын түсінуі керек. Ал, енді бар назарымызды зерттеудің келесі кезеңі өтетін 2023 жылға аударуымыз керек. Оқушыларды осындай байыпты зерттеуге дайындау жүйелі және дәйекті болуы керек. Әр мұғалімнің міндеті - жас оқушыларды шығармашылық ойлауға үйрету, оларды өмірге, практикалық жұмысқа дайындау. Бастауыш білім берудегі жаңа бағдарлар оқушылардың зияткерлік бастамасы мен ойлауын қалыптастыруға бағытталған. Уақыт тоқтамайды, демек, «TIMSS» және «PIRLS» сияқты білім беру саласындағы халықаралық салыстырмалы зерттеулер жалғаса бермек. Жаңа кезеңде жаңару және жаңа идеялар арқылы өзінің жарқын болашағын құруға білім берудің бірегей мүмкіндіктері жеткілікті. Білім берудің жаңа кезеңінде жаңару мен жаңа идеялар арқылы өзінің жарқын болашағын құрудың бірегей мүмкіндігі бар, - дейді Павлодар қаласы білім беру бөлімінің әдіскері Қайырғазина Шолпан Шаханқызы.