Облыстың әскери-патриоттық клубтарының төрт командасы басқа облыстардың клубтарымен жарысады. Пандемияға байланысты кездесулер онлайн режимінде өтеді. «Айбын - 2021» VII республикалық жастар жиыны 6 қазаннан бастап 28 қараша аралығында өтеді.
Біздің аймақтың намысын 14 - 18 жас аралығындағы 45 ұл және 15 қыз қорғайды. Павлодар қаласының құрама командасының құрамына № 5 (3), 7, 12, 21 (3), 28, 30, 37, 40, 43 (2) мектептердің 9 - 10 сынып оқушылары кіреді
«Айбын» интеллектуалдық ойын, челлендждер байқауын, шығармашылық және өнертапқыштық байқауларын, әскери-қолданбалы салалар бойынша жарыстар, алғашқы медициналық көмек көрсету, ұлттық ойын, медиа-байқау және финалдық ойынды қамтиды, командалар бейне конференция байланысы арқылы бір-бірімен жарысатын болады.
Естеріңізге сала кетейік, өткен жылғы ойындарда облыс командасы үздік бестікке енді, ал 2018 жылы әскери-тактикалық ойында жалпы командалық бірінші орын мен бас жүлдені жеңіп алды. Облыстың арнайы таңдалған командасы биыл жүлделі орындарға ие болады деген үміт бар.