ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
Жас экологтар полиэтилен пакеттерге қарсы
12-10-2021 09:28
Жас экологтар полиэтилен пакеттерге қарсы

Облыстық экологиялық акция 2021 жылғы 7 қазанда Павлодар қаласының экологиялық бағыттағы № 36 жалпы орта білім беру бейіндік мектебінде басталды. Акцияның мақсаты: қоқыс тастайтын жерлерде полиэтилен пакеттердің жануын және ыдырауын азайту есебінен атмосфераға зиянды шығарындылардың белгілі бір мөлшерін азайту, аулалар мен көшелердегі қайталама шикізат санын азайту, жеке мысал арқылы жас ұрпаққа экологиялық әдепті дағдыландыру. № 36 мектептің 700-ден астам оқушысы қатысты. «Экосөмкелер (шопперлер) өз қолдарымен!» және «Пакеттің орнына Экосөмке» облыстық экологиялық акцияларды әзірлеу, жастарды осы мәселеге тарту мақсатында № 36 мектеппен бірлесіп өткізілді.

«Пакеттің орнына Экосөмке» акциясы аясында № 36 мектеп оқушылары 200 экосөмке тігіп, бір бөлігі қала тұрғындарына таратылды. Экосөмкелерден полиэтилен пакет сияқты тез құтылудың қажеті жоқ, өйткені, ол берік, оңай жуылады және тез кебеді. Егер уақыт өте келе оны жоятын болсақ, онда ол қоршаған ортаға зиян тигізбейді.

- Қазақстан пластикпен күресті бастаған алғашқы ел емес. Мәселен, 40-тан астам ел полиэтилен пакеттерін пайдалануға тыйым салды. Мысалы, Германия, Дания, Чехия және Өзбекстанда супермаркеттерде тегін полиэтилен пакеттерін таба алмайсыз - бұл жай ғана тыйым салынған. Ал АҚШ, Қытай, Италия, Австралия, Пәкістан, Грузия, Кения және басқа елдерде полиэтилен пакеттерін пайдалануға, сатуға, өндіруге және импорттауға толық тыйым салынды», - деп атап өтті мектеп басшысы Ахмадова Зауреш Дауленовна. Мектептің жас экологтары қала тұрғындарына пластикалық пакет сатып алғанда, адам қоршаған ортаға саналы түрде зиян тигізетінін түсіндіреді, бірақ бұған жол бермеуге болады. Шопперлерді қолдана отырып, Сіз ғаламшарымыздың таза болуына көмектесе аласыз!

Акциялар оқу жылы бойы өтеді. Дайын шопперлерді тарату халық көп жиналатын жерлерде - мектептердің, сауда орталықтарының, супермаркеттердің жанында өткізіледі. Акцияға қатысу үшін барлық мектептерге: экология және қолөнер тақырыптарына кітап көрмелерін, полиэтилен пакеттерін пайдаланудың зияны туралы бейнероликтерді көрсетуді, полиэтилен пакеттерінің зияны туралы, биологиялық ыдырайтын пакеттер мен экосөмкелердің пайдасы туралы ақпараттық материалдарды (буклеттер, парақшалар, бетбелгілер) көрсетуді ұйымдастыру ұсынылады.

- Қазақстанда 2025 жылдан бастап полиэтилен пакеттерін пайдаланудан толық бас тарту жоспарлануда. Бүгінгі таңда ел аумағында күн сайын шамамен 15 миллион пакет қолданылады. Мұнайдың шамамен 4% полиэтилен өндірісіне жұмсалады. Бұл жағдайда бір пакеттің өмірлік циклі тек 20 минутты құрайды, өйткені біз үйге полиэтиленге оралған өнімдерді алып келіп, ораманы лақтырып тастаймыз. Мұндай пакет полигонда әлдеқайда ұзақ уақыт ыдырайды - шамамен 100 - 500 жыл. Полиэтиленнің ыдырауы кезінде атмосфераға зиянды заттар - диоксиндер мен фурандар шығарылады, олар адам ағзасынан шығарылмайды және қатерлі ісік ауруын тудыруы мүмкін.