ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
Қалалық көркемсурет мектебі өнерстудиясының 25 жылдығы
12-10-2021 10:07
Қалалық көркемсурет мектебі өнерстудиясының 25 жылдығы

Павлодар қаласының Балалар көркемсурет мектебінің жарқын және табысты жобаларының бірі, осы жылы өзінің 25 жылдығын атап өтетін балаларға арналған «Кішкентай бүлдіршіндер елі» өнерстудиясы болып табылады.

Өнерстудиясы 1996 жылы ата-аналардың көптеген өтініштері бойынша құрылды және осы кезеңнен бастап бейнелеу өнері арқылы балалардың шығармашылық дамуы танымал бола бастады. Өнерстудиясының бастауында мектеп ұстаздары Л. М.Темиргалиева, Н. Г. Соц, Л. А. Анохина, Н. И. Шахова, Л. А. Кузнецова, Л. Б. Илларионова тұрды. Мұнда 4 - 8 жастағы балалар оқиды, кейіннен олар балалар көркемсурет мектебінде оқуын жалғастырады. Мектепте олар базалық білім, дағдылар мен бейнелеу сауаттылығының бастапқы деңгейінің шығармашылық әзірлемелерін алады.

- Мектептің тәжірибесі көрсеткендей, бала бейнелеу өнерімен неғұрлым ерте айналыса бастаса, соғұрлым ол жоғары сыныптарда шығармашылық тұрғыдан өзін азат сезінетін болады, - дейді оқу ісі жөніндегі директордың орынбасары Инна Владиславовна Масленникова.

Жылдан жылға бейнелеу өнері студиясы оқушыларының саны өсуде, ол барған сайын танымал бола түсуде. Оқушылардың санымен қатар олардың дайындық деңгейі де үнемі өсіп келеді. Өнерстудиясында сабақ беретін мұғалімдер жыл сайын жаңартылып отыратын авторлық бағдарламалар бойынша жұмыс істейді.

- Кішкентай оқушылар туған үйіне асыққандай көркемсурет мектебіне баруға қуанышты, өйткені дәл осы жерде олар өздерін сиқырлы, түрлі-түсті әлем жасаушылары сияқты сезінеді. Және өнерстудиясының ұстаздары да бұл ынталарына қолдау көрсетуге тырысады, әрбір балаға демеу бола отырып, олардың нағыз суретші екеніне және оның қолынан бәрі келетінін түсіндіруге тырысады, - дейді өнерсстудиясының оқушысы Аня Вернердің анасы Наталья Вернер.

Кішкентай суретшілердің жоғары дайындығының негізгі көрсеткіші-халықаралық, республикалық және облыстық деңгейдегі байқаулардағы көптеген жеңістері. Өткен оқу жылында ғана өнерстудиясының тәрбиеленушілері Қазақстан, Ресей, Беларусь, Германия, Чехия, Словакия, Жапония, Американың түрлі балалар көркемөнер байқауларында 100-ге жуық марапатқа ие болды.