kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
телефон доверия/Call-центр
8 7182 32 19 37

Азаматтарды жеке қабылдау кестесі
Сайттың аналитикасы
Бір жылда2238273
Бір айда217258
Бір аптада42722
Кеше8105
Тәулік505
Робототехника бойынша республикалық олимпиада жүлдегерлері
13-10-2021 15:15
Робототехника бойынша республикалық  олимпиада жүлдегерлері

Робототехника бойынша  өткізілген WRO - 2021 республикалық олимпадада облыстық команданы «Legotron» танытып, онлайн режимінде өткізілген жарыста 3 орын алды. Облыстық командаға   М. Әлімбаев атындағы жалпы орта білім беру мектебінінің 5 сынып оқушысы Сағдиев Ислам мен Павлодар ауданы жалпы орта білім беру мектебінің   оқушысы  Уалиев Адлен енді, олар аймақтық кезеңде жеңімпаз атанды. Олимпиаданың республикалық кезеңіне аймақтық қашықтық сайыстарда 1, 2, 3 ші орын алған жеңімпаздар жіберілді. Облыстық команданың жаттықтырушысы Нұрлан Сағдиұлы Шушаев болды, ол М. Әлімбаев атындағы мектептің информатика мұғалім болып табылады.

Роботттар олимпиадасын өткізу мақсаты - қызықты қалыпта жасөспірімдерге жағдай жасап, робототехникадан жарыстар ұйымдастыру арқылы шығармашылық қабілеттерін дамытып, мәселелерді шешу дағдыларын қалыптастыру болып табылады. WRO-ның әрбір кезеңінде қатысушылардың жас мөлшеріне сәйкес болған жаңа тақырыптар мен міндеттер беріледі.

ZOOM платформасында өткізілген олимпиада барысында қатысушаларды төрешілер камера бойынша бақылады - жұмыс аймағы, жалпы көрінісі. «Legotron» командасы 3 орын алып, артқы шепте «Алматы қаласының халықаралық робототехника академиясы», «Көкшетау қаласы физика-математикалық бағыттағы Назарбаев зияткерлік мектебі», «Орал қаласы Jaiq school - робототехник мен бағдарламалау мектебі» сынды қарсыластарды қалдырды. Олимпиада кезінде Адлен мен Исламның бірлескн командалық жұмыстарын атап өту керек, олар нақты шешімдер тауып, алдарына қойылған міндеттерді ойдағыдай шешіп отырды.

Олимпиаданың ұлттық ұйымдастырушысы «Назарбаев Зияткерлік мектебі» ААҚ командалардың қатысушыларына алғыс білдіріп, WRO-ның келесі олимпиадасына сәттілік тіледі. Барлық қатысушылар дипломдармен марапатталды.

Ислам робототехникамен 3 сыныптан бастап әуестенген. - Ең қызығы, роботтар адам берген тапсырмаларды өз бетінше орындай алады, оның алдында мен робототехника бойынша облыстық «STEAM» сайысына қатысқанмын, оның ұйымдастырушы «ОМЛИОД» мектебі болатын, оның «Умная розетка», «Watercleaner» жобалары бар, осы жобаларда 2 және 3 орынды иеленген болатынмын, - деді Ислам.

Оның сөзінше ары қарай робототехникны зерттеп, жеткен жетістіктерге тоқталып қалатын емес, жаңа идеяларды іздеп, оларды жүзеге асыру жолдарын қарастырады, адамдар тұрмысы мен еңбек барысын жақсарту үшін роботтар күшін пайдаға асырмақ. Қазіргі кезде Ислам келесі WRO - 2022  олимпиадасына дайындалып жатыр.