ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
Республикалық «Өзін-өзі танудың үздік мұғалімі» байқауының қалалық кезеңі туралы
18-10-2021 09:34

     2021 жылдың 20 - 22 қазанында республикалық«Өзін-өзі танудың үздік мұғалімі» қалалық кезеңі өтеді. БайқауғаПавлодар қаласының жалпы білім беретін мектептерінің бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру ұйымдарының педагогтері қатысады (еңбек өтілі үш жылдан астам).

     Мақсаты- «Өзін-өзі тану»рухани-адамгершілік білім беру бағдарламасының идеяларын іске асыру бойынша үздік озық педагогикалық тәжірибені анықтау және тарату, өзін-өзі тану педагогтері еңбегінің беделін қолдау және арттыру.

     Жеңімпаздар мен жүлдегерлер Павлодар қаласы білім беру бөлімінің грамоталарымен марапатталады.

     Байқау қорытындысы бойынша жеңімпаздар қараша айында байқаудың облыстық кезеңіне қатысады.

 

                                                              Павлодар қаласының білім беру бөлімі