ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
Оқушылардың функционалдық сауаттылығын және тілдік құзыреттілігін арттыру
18-10-2021 15:44
Оқушылардың функционалдық сауаттылығын және тілдік құзыреттілігін арттыру

Павлодар қаласының білім беру бөлімі 2021 жылдың 15 қазанында «Оқушылардың функционалдық сауаттылығын және тілдік құзыреттілігін арттыру» атты ғылыми-әдістемелік кеңес өткізді. Мақсаты - педагогтардың кәсіби шеберлігін жетілдіру. Қаланың жалпы білім беретін мектептерінен 100-ге жуық қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімдері қатысты.

Ғылыми-әдістемелік кеңестің модераторы Павлодар қаласы білім беру бөлімінің басшысы, педагог-шебер Самал Оспанқызы Айтказина болды. Іс-шараның спикерлері жоғары оқу орындарының ғалымдары, «Өрлеу» БАҰО АҚ филиалының Павлодар облысы бойынша білім беру қызметкерлерінің біліктілігін арттырудың сертификатталған тренерлері, қала мектептерінің тәжірибелі педагогтері болды. Торайғыров университетінің «Үштұғырлы тіл» кафедрасының меңгерушісі, филология ғылымдарының кандидаты, профессор Зейнуллина Айман Файзоллақызы эссе жазудағы қателіктер мен бағалау талаптарына, эссе түрлеріне (салыстырмалы, дәлелді, көркем-әдеби) тоқталды. Инновациялық Еуразия университетінің «Филология және журналистика» кафедрасының профессоры, филология ғылымдарының докторы Имамбаева Ғайша Ертайқызы функционалдық сауаттылықты қалыптастыру кезінде оқушылардың жас ерекшеліктерін есепке алуға, оқушылардың мектепте алған білімдерін күнделікті өмірде тиімді қолдануға үйрету қажеттілігіне баса назар аударды. «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы Павлодар облысы бойынша білім беру қызметкерлерінің біліктілігін арттыру институтының аға оқытушысы, халықаралық сертификатталған жаттықтырушы, педагогика ғылымдарының магистрі Ертісхан Өміргүл өз сөзінде 5-9 сыныптарда түрлі жанрдағы мәтіндерді құрастыруда тиімді пайдаланудың тиімді тәсілдері, құрылымы жанрлық және стильдік ерекшеліктеріне сәйкес келетіндігі туралы айтып берді. Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі, Қазақстан Республикасы Білім беру ісінің құрметті қызметкері Жұмаділова Шарбат Төлеуқызы «мұғалім - оқушы» деген серіктестік қарым-қатынасты түбегейлі өзгерткенін атап өтті, сондай-ақ оқушылардың функционалдық сауаттылығы еркін, өзіне сенімді, уәжді, сыни тұрғыдан ойлана білетін, цифрлық технологияларда құзыретті, пәнді терең түсінуге қабілетті, алған білімдерін сабақтан тыс іс-әрекетте кез келген жағдайда қолдана алатын оқушыны қалыптастыруға мүмкіндік беретінін атап өтті.

Ғылыми-әдістемелік кеңестің жұмысы барысында Назарбаев Зияткерлік мектебінің жұмыс тәжірибесін тарату және ынтымақтасу, жоғары оқу орындарының ғалымдарымен бірлесіп оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту, мұғалімдердің кәсіби құзыреттілігін және оқушылардың тілдік құзыреттілігін арттыруда желілік қоғамдастықтың мүмкіндіктерін пайдалану бойынша педагогтердің жұмысын жетілдіру бойынша қалалық шығармашылық топтар құру туралы ұсыныс түсті.