ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
Инклюзивті білім беру жүйесінде педагогтердің кәсіби құзыреттілігін арттыру
19-10-2021 09:51
Инклюзивті білім беру жүйесінде педагогтердің кәсіби құзыреттілігін арттыру

Павлодар қаласының білім беру бөлімі № 6 мектептің инклюзияны қолдау кабинетімен бірлесіп ZOOM платформасында онлайн режимде 15 қазанда «Ерекше білім беруді қажет ететін балаларды психологиялық қолдаудың әдіснамалық негіздері және инклюзивті жалпы білім беру кеңістігіндегі педагогтердің өзара іс-қимылы. «PECS» коммуникацияны оқытудың балама жүйесі. № 6 (10), 7 (2), 11, 34, 35, 40, 43, К. Мақпалеев, Б. Момышұлы, М. Әуезов атындағы жалпы білім беретін мектептердің 21 педагог-ассистенті қатысты.

Павлодар қаласы білім беру бөлімінің әдіскері Шолпан Саменқызы Нұрахметова «PECS» коммуникацияны оқытудың баламалы жүйесі» мәселелеріне тоқталды. Инклюзивті білім беру жүйесінде жұмысты ұйымдастыру мәселелері бойынша педагогтердің кәсіби құзыреттілігін арттыру, педагог-ассистенттердің қалалық шығармашылық тобының қызметін әдістемелік сүйемелдеу, «Үздік әдістемелік-дидактикалық құрал - 2022» қалалық және облыстық байқауларға арналған әдістемелік құралдың құрылымы мен негізгі мазмұны туралы мәселелер талқыланды.

Семинар қатысушыларына инклюзияны қолдау кабинетінің, психологиялық-педагогикалық қызметтің, № 6 мектептің педагог-ассистенттерінің ерекше білім беруді қажет ететін балалары бар практикалық жұмыс тәжірибесі ұсынылды. Педагог-ассистент Бейсембекова Мадина Ерсіновна «Ерекше білім беруді қажет ететін балалардың мінез-құлқын қолданбалы талдаудың теориялық негіздері мен принциптері» интерактивті презентациясын ұсынды. Дидактикалық құралды әзірлеу бойынша брейн-сторминг өткізді: кабинет әдіскері, Джумадиева Айгүл Жылқыбайқызы желдеткіш кітапшасы және тізбе түрінде баламалы коммуникацияға арналған карточкалар жиынтығын әзірледі. Семинардың практикалық бөлімінде педагог-ассистенттер Тюлюбай Эльмира Олеговна «ПЕКС бағдарламасын оқушының күнделікті өміріне қалай енгізу керек» оқу құралы бөлімінің мазмұны бойынша топтарда жұмыс жүргізді. Мадина Рамазанқызы Медева «Әлеуметтік әңгімелер», «Ерекше білім беруді қажет ететін балаларды баламалы коммуникация және визуалды қолдау» - Анар Оразалықызы Кентай, «Баламалы коммуникация түрлері» - Мария Вячеславовна Шорохова, «ПЕКС карточкалары арқылы әлеуметтік дағдыларды игеру» - Гүлшат Құдайбергенқызы Машрикова, «Мақсатты қарым - қатынасты оқытудың алты кезеңі» бөлімімен Динара Маратқызы Шакирова таныстырды.

Семинар қорытындысы бойынша топтардың сөздерінен мазмұнды іріктеу бойынша рефлексия жүргізілді, педагог-ассистенттердің, мектептердің әдістемелік қызметтерінің жұмысын одан әрі жетілдіру бойынша нақты ұсыныстар берілді.