ВЕБ-САЙТЫ ОБРАЗОВАТЕЛЬНЫХ УЧРЕЖДЕНИЙГОРОДА ПАВЛОДАРА
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Pavlodar, 25 Krivenko St.
32-21-67
телефон доверия/Call-центр
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
I қалалық жаратылыстану-математикалық бағыттағы мұғалімдер форумы туралы
25-10-2021 09:20

2021 жылдың 27-28 қазан аралығында Павлодар қаласы білім беру бөлімінің әдістемелік кабинеті Инновациялық Еуразия университеті мен бірлесіп, жаратылыстану-математикалық бағыттағы «Заманауи білім берудің функционалдық векторы» атты бірінші қалалық мұғалімдер форумын өткізеді.

Пленарлық бөлім аясында 27 қазанда қала мектептері директорларының қатысуымен Павлодар қаласы білім беру бөлімінің басшысы Айтқазина Самал Оспанқызы, ИнЕУ ректоры Алиясова Анастасия Васильевна, «Жаңа кәсіптер атласы» жобасын әзірлеуші, BTS group басшысы Саясат Нұрбек, «Өрлеу»БАҰО АҚ Павлодар облысы бойынша филиалдың директоры Әшімбетова Роза Дүйсенқызы, ИнЕУ профессоры Бейсенбаев Амангелді Рақышұлы қатысады.

Удут диалогтық алаңы форматында қазіргі заманғы талаптар аясында білім алушылардың жаһандық құзыреттерін қалыптастырудың өзекті мәселелері, мектеп түлегінің функционалдық сауатты тұлғасын қалыптастырудың, STEM технологияларды енгізудің негізгі бағыттары талқыланды, кәсіптік бағдарлау жұмысын жетілдіруге арналған «Жаңа кәсіптер атласы» жобасы таныстырылады.

Форумның 28 қазандағы секциялық отырысында жаратылыстану-математикалық бағыттағы сабақтарда STEM – тәсілдерді енгізудің, халықаралық зерттеулерде (PISA TIMSS) контекстік тапсырмаларында және пәндерді пәнаралық интеграциялау арқылы тұжырымдамалық іргелі білімді қолдану кезінде білім алушылардың икемді ойлау дағдыларын дамытудың өзекті проблемаларына арналады.

Секция жұмысында аймақтың жоғарғы оқу орындарының жетекші ғалымдары: ПМПУ, ПМУ, ИнЕУ модераторлары болады.

 

Павлодар қаласының білім бөлімі