ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
Қала педагогтары спорттың үш түрінен жарысты
10-11-2021 12:26
Қала педагогтары спорттың үш түрінен жарысты

2021 жылдың 2 қазанынан 6 қарашасына дейін 51-ші қалалық спартакиадада қаланың жалпы білім беретін мектептерінің 240-тан астам педагогтар шахматтан, тоғызқұмалақтан, баскетболдан жарысты. Мақсаты - дене шынықтыру, спортпен айналысатын мұғалімдерді қолдау. Спартакиаданың ұйымдастырушысы Павлодар қаласының дене шынықтыру және спорт бөлімі болып табылады.

Шахмат пен тоғызқұмалақтан жарыс № 1 балалар-жасөспірімдер спорт мектебінде, шахмат үйінде өтті.

Шахмат бойынша жарысқа Павлодар қаласы мектептерінен 19 ер адам, 14 әйелдер командалары қатысты. Жарыс қорытындысы бойынша жалпыкомандалық І орынды № 29 ЖОМ командасы, II орынды № 26 ЖОМ командасы, III орынды № 43 ЖОМ командасы алды. Әйелдер арасында жеке есепте I орынды Я. А. Лозовская (№ 43 ЖОМ), II орынды А. С. Садвоқасова (№ 26 ЖОМ), III орынды К. Габдушева, ерлер арасында I орынды Т. М. Кертаев (№ 29 ЖОМ), II орынды В. В. Гребенщиков (№ 16 лицей-мектебі) алды.

Тоғызқұмалақтан жарысқа Павлодар қаласы мектептерінен 20 ер адам, 20 әйелдер командалары қатысты. Жарыс қорытындысы бойынша жалпыкомандалық І орынды № 40 ЖОМ командасы, ІІ орынды Кенжекөл мектебінің командасы, ІІІ орынды № 39 ЖОМ командасы алды. Әйелдер арасында жеке есепте I орынды Ж.Асылбек (№ 40 ЖОМ), II орынды Л. С. Салықова (№ 24 ЖОМ), III орынды А. Т. Құсайынова (М. Әуезов атындағы ЖОМ), ерлер арасында I орынды Қ. М. Мұхаметқалин (Кенжекөл ЖОМ), II орынды С. И. Есенгельдин (№ 9 ЖОМ), III орынды М. Кәрім (№ 40 ЖОМ) иеленді.

Баскетболдан жарыс қаланың жалпы білім беретін мектептерінің спорт залдарында өтті. Павлодар қаласы мектептерінен 32 ер адам, 18 әйелдер командалары қатысты. Жарыс қорытындысы бойынша әйелдер арасында I орынды № 34 ЖОМ командасы (үш дүркін чемпиондар), II орынды - № 26 ЖОМ командасы, III орынды - № 21 ЖОМ командасы, ерлер арасында І орын - № 24 ЖОМ командасы, II орынды - № 41 ЖОМ командасы, III орынды - № 18 ЖОМ командасы алды.

Павлодар қаласының дене шынықтыру және спорт бөлімі мен білім беру бөлімінің бірлескен жоспарына сәйкес 51-ші қалалық спартакиада 2021 жылдың 2 қазанынан 2022 жылдың 17 сәуіріне дейін шахмат, тоғызқұмалақ, баскетбол, пневматикалық винтовкадан ату, асық ату, шаңғы жарысы, үстел теннисі, жүзу, волейбол, Президенттік милядан өтеді.