Размер шрифта:
↑Наверх
ВЕБ-САЙТЫ ОБРАЗОВАТЕЛЬНЫХ УЧРЕЖДЕНИЙГОРОДА ПАВЛОДАРА
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Pavlodar, 25 Krivenko St.
32-21-67
телефон доверия/Call-центр
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
240-тан астам оқушы оқырмандар сауаттылығынан жарысқа түсті
11-11-2021 12:39
240-тан астам оқушы оқырмандар сауаттылығынан жарысқа түсті

        Павлодар қаласының білім беру бөлімінің «Павлодар дарыны» бос уақытты  қамту және  балалардың  дарындылығын дамыту орталығымен 2021 жылғы 8 қарашада Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған «Сен  туған  Қазақстаныңды білесің бе?» республикалық балалар оқырмандар байқауының қалалық кезеңі өткізілді. Байқаудың мақсаты-кітап оқуға деген қызығушылықты қалыптастыру, елдің тарихын, географиясын, мәдениетін, қазақ халқының дәстүрлерін білу. Байқауға әр командада 8 қатысушыдан қаланың 31 мектебінің 5 - 7 сыныптарынан 240-тан астам оқушы қатысты.

         Байқау ZOOM платформасында онлайн форматта өтті. Байқау шарты бойынша қатысушылар Дүниежүзілік тарих, Қазақстан тарихы, география, астрономия бойынша викторина сұрақтарына, мәдени дәстүрлерді білу тапсырмаларына жауап берді.

         Байқау қорытындысы бойынша 7 команда жүлделі орындарға ие болды, оның ішінде I орынды - 1 команда, II орынды - 3 команда, III орынды - 3 команда иеленді. Командалар «Павлодар дарыны» орталығының І, ІІ, ІІ дәрежелі дипломдарымен марапатталды.

         I орынды Б. Момышұлы атындағы мектептің «Серік» командасы иеленді, құрамында Өмірзақ Жалғас, Нұрғалиев Тимур, 5 сынып оқушылары, Бопышева Диляра, Әбілхайыр Нұрқайыр, 6 сынып оқушылары, Бейімбет Рауан, Бимырза Өтеміс, Мүсілманбек Байнияз, Бәкреденова Адия, 7 сынып оқушылары ұлттық салт-дәстүрлерді білетіндерін, туған өлкенің тарихын зерделейтіндерін, тарих пен географиядан терең білімдері бар екенін көрсетті.

         ІІ орынды № 36 мектептің «Титан», № 28 мектептің «Алқызыл желкендер», Кенжекөл орта мектебінің «Ақылдылар» командалары иеленді. ІІІ орынды № 16 лицей-мектебінің «Кристалл», № 35 мектептің «Ақ қыран - 35», М. Әуезов атындағы мектептің «Жас тарихшылар» командалары иеленді.