Павлодар қаласының «ROBOSATURN - 2021» робототехника бойынша ашық қалалық чемпионатына № 29 сәбилер бақшасы - «Мерей» білім беру-дамыту орталығының мектепалды топтарының 5 тәрбиеленушілері қатысты. Чемпионаттың ұйымдастырушысы Павлодар қаласы «SATURN» робототехниканы дамыту Федерациясы болып табылады.
Жарыстың бірінші турында қатысушылар кеңістікте ойлау қабілеттерін, берілген схема бойынша тінтуір-робот лабиринт жинау мүмкіндігін көрсетті. Екінші турда қозғалыс алгоритімі құрылды, яғни робот-тінтуірді басынан аяғына дейін өтуге бағдарламаладық.
Жарыс қорытындысы бойынша Сапаров Әли 5 жыл II орын алып, дипломмен және медальмен марапатталды. Жарысқа қатысушылардың жетекшісі, роботты техника бойынша балабақша мұғалімі Фархад Алиятович Жақсыбаев болып табылады.
- Біздің мектепке дейінгі мекеме 2018 жылы білім беру-дамыту орталығы мәртебесін алды. Мектепке дейінгі білім беруге STEM -технологияларды енгізу басым бағыт болып табылады. Техникалық құрастыру, робототехника бойынша жұмыс бағыты балабақша қызметінің басым бағыты болып табылады, - дейді балабақша басшысы Рысай Ольга Алексеевна.
Робототехника бөлімінің вариативтік компоненті бойынша оқу қызметін ұйымдастыру үшін 2021 жылы сәбилер-балабақшасымен «Жарыстық алгоритмика мышонка» атты оқу-әдістемелік жинағы сатып алынды. Осы жылы «КЭЗ» АҚ «Ботлика алгоритмикасы», «Қызықты алгоритмика», «Ара алгоритмикасы», «Жұлдызды жол» (роботтарсыз), «Жарыстыратын ара алгоритмикасы» атты робототехника бойынша оқу-әдістемелік кешеннің жабдықтарын, Botley бағдарламаланатын, «КУБО мен бағдарламалау» жинағын, «КУБО мен бағдарламалау» пластинкалардың қосымша жиынтығын сатып алуға көмек көрсетті.
Бұл техникалық құралдар инновациялық қызметтің міндеттерін іске асыруда, іс-шаралар жоспарына және тәрбие-білім беру жұмысына сәйкес робототехника бойынша жабдықтар белсенді қолданылады.