Размер шрифта:
↑Наверх
ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
Инклюзияны қолдау кабинетінің жұмыс тәжірибесі
22-11-2021 10:29
Инклюзияны қолдау кабинетінің жұмыс тәжірибесі

Павлодар қаласының білім беру бөлімі № 6 ЖОМ инклюзияны қолдау кабинетімен бірлесіп «Ерекше білім беруді қажет ететін балаларды психологиялық қолдаудың әдіснамалық негіздері және инклюзивті жалпы білім беру кеңістігіндегі педагог-ассистенттердің өзара іс-қимылы» тақырыбында онлайн форматта семинар өткізді. Мақсаты - ZOOM платформасы арқылы «PECS» коммуникацияны оқытудың баламалы жүйесі. Семинарға № 6 ЖОМ инклюзияны қолдау кабинетінің әдіскерлері, дефектологтары, Қ. Мақпалеев атындағы (2), Б. Момышұлы атындағы, М. Әуезов атындағы, № 6 (10), 7 (2), 11, 18, 33, 34, 35, 40, 43 қала мектептерінің 25 педагог-ассистенттері қатысты

Павлодар қаласы білім беру бөлімінің әдіскері Шолпан Сәменқызы Нұрахметова «PECS» коммуникацияны оқытудың баламалы жүйесі» бағдарламасын жүзеге асыруда педагог-ассистенттердің қызметін ұйымдастыру және әдістемелік сүйемелдеу мәселелеріне тоқталды.

Семинар қатысушыларына инклюзияны қолдау кабинетінің, психологиялық-педагогикалық қызметтің ерекше білім беруді қажет ететін балалармен практикалық жұмыс тәжірибесі ұсынылды. «Қолданбалы мінез-құлықты талдау тұжырымдамасы. Күшейту және ынталандыруды бақылау» атты интербелсенді презентацияны педагог-ассистент Бейсембекова Мадина Ерсінқызы ұсынды. Кабинет әдіскері Айгүл Жылқыбайқызы Жамадиева «Мінез-құлық» және «Мінез-құлық технологиясы» ұғымдарының мәнін ашты, Тюлюбай Эльмира Олеговна, педагог-ассистент, «Қолданбалы мінез-құлықты талдаудағы мінез-құлықты бағалау және өлшеу. Мінез-құлықты өлшеу әдістері» мәселелеріне тоқтады, педагог-ассистент Камиля Маратқызы Ахметова «Білім беру ұйымында мінез-құлықтың қолданбалы талдауын қолдану кезіндегі этикалық мәселелер» тақырыбында сөз сөйледі, педагог-ассистент Мадина Рамазанқызы Медева мамандардың бірлескен жұмысы, аутистік спектрдің бұзылуы бар оқушылардың қажеттіліктерін бағалауды жүргізу, қолданбалы мінез-құлық араласуларын жоспарлау, аутистік спектрдің бұзылуы бар оқушылардың үлгерімін бақылау туралы деректерді жинау және талдау туралы айтып берді. Практикалық мысалдар ашылды.

Семинар қатысушылары алынған ақпараттың өзектілігі мен жаңалығын атап өтті. Бұдан әрі ерекше білім беруді қажет ететін балаларды баламалы және қосымша коммуникация құралдарымен оқыту және әлеуметтендіру сапасын арттыру мәселелері бойынша кабинет мамандарымен ынтымақтастықты және жұмыс тәжірибесімен алмасуды жалғастыру жоспарлануда. Семинар материалдары педагог - ассистенттердің жұмыста пайдалануы үшін қала мектептеріне жіберілді.