ВЕБ-САЙТЫ ОБРАЗОВАТЕЛЬНЫХ УЧРЕЖДЕНИЙГОРОДА ПАВЛОДАРА
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Pavlodar, 25 Krivenko St.
32-21-67
телефон доверия/Call-центр
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Павлодар оқушыларының шығармашылығындағы бейнематериалдар
24-11-2021 09:15
Павлодар оқушыларының шығармашылығындағы бейнематериалдар

Заманауи ақпараттық технологияның кең мүмкіндіктері арқылы ұрпақтардың қоршаған ортасын, табиғатын, жалпыадамзаттық құндылықтарын насихаттау және сақтау мақсатында 2021 жылғы 22 қарашада балалар шығармашылық бейнематериалдарының «Бізге мұра ретінде берілген Әлемді сақтайық» қалалық байқауы өтті. Ұйымдастырушы Павлодар қаласы білім беру бөлімінің «Павлодар дарыны» бос уақытты  қамту және  балалардың дарындылығын дамыту орталығы болып табылады. Байқауға  қаланың № 17, 18, 25, 26, 27, 30, 34, 35, 37, № 16 мектеп-лицейі, М. Әлімбаев атындағы ЖОМ бейнероликтер, бейнесюжеттер жасаумен айналысатын 46 оқушы қатысты. Байқау 9 номинация бойынша өткізілді.

Байқау қорытындысы бойынша № 16 мектеп-лицейінің 9 сынып оқушысы Казмин Иван - тірі әлемде  кездесетін қызықты табиғи құбылыстарды бейнелейтін «Табиғат ғажайыптары» номинациясында, № 37 ЖОМ 6 - сынып оқушысы Утюбай Мансұр нақты оқиғалар, адамдар, жағдайлар түсіріліміне негізделген туынды «Деректі фильм» номинациясында, № 35 ЖОМ оқушыларының командасы бізді қоршаған әлемдегі ең таңғаларлық нәрсе «Біз + айналамыздағы әлем» номинациясында I орынға  ие болды.

Өзінің бейнесінде Иван әлемнің ерекше құбылыстары мен сұлулығын көрсетті - Ретба көлі, Сенагалдағы қызғылт, Исландиядағы Гүлфосс сарқырамасы, Моравиядағы таулы алқаптар, Мадагаскардағы Цинжи-Ду-Бемараха қорығы, АҚШ-тың Йеллоустоун ұлттық паркіндегі үлкен призмалық бұлақ. Оның бейнесінің бірегейлігі - Иван фильмді толық ағылшын тілінде баяндап берді. Мансурдың деректі фильмі ерекше, ол бізді өткенге, ата-бабаларымыз тәуелсіз Қазақстанның бостандығы үшін армандаған және күрескен уақытын жеткізді. № 35 ЖОМ командасы өз фильмінде қоршаған ортаға ұқыпты қарайтындығын көрсетті.

«Деректі фильм» номинациясында № 17 ЖОМ 10 сынып оқушысы Каистра Иван, «Әлеуметтік ролик» номинациясында № 25 ЖОМ 11 сынып командасы - қоғамның назарын экологиялық  мәселелерге , қоршаған ортаның ластануына аудару үшін қысқа жарнамалық хабарлама жасады, «Киножурнал» номинациясында - елдің өмірі, ішкі және халықаралық саяси оқиғалар туралы қысқа ақпараттан тұратын кинохроника түрі, № 27 ЖОМ 11 сынып оқушылары Қуанышева Жанаргүл және Филиппова Ульяна, «Табиғат ғажайыптары» номинациясында Жильцова Мария II орынды иеленді.

«Әлеуметтік ролик» номинациясында М. Әлімбаев атындағы ЖОМ 8 сынып командасы және 9 сынып оқушысы Рубан Арина, «Туған өлке табиғаты» номинациясында № 34 ЖОМ 7 сынып оқушысы Сүлейменова Томирис III орынға ие болды.

Жүлделі орындарға ие болған қатысушылар «Павлодар дарыны» орталығының I, II, III дәрежелі дипломдарымен марапатталды.