ВЕБ-САЙТЫ ОБРАЗОВАТЕЛЬНЫХ УЧРЕЖДЕНИЙГОРОДА ПАВЛОДАРА
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Pavlodar, 25 Krivenko St.
32-21-67
телефон доверия/Call-центр
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Функционалдық сауаттылық - табыстылықтың негізі
10-12-2021 16:18
Функционалдық сауаттылық - табыстылықтың негізі

      «Өрлеу» БАҰО АҚ Павлодар филиалы облыстық білім беру басқармасының білім беруді дамытудың инновациялық орталығымен бірлесіп 2021 жылғы 9 желтоқсанда функционалдық сауаттылықты қалыптастыру бойынша үздік дидактикалық құралға арналған байқаудың қорытындысын шығарды. Мақсаты - функционалдық сауаттылықты дамыту бойынша табысты қызметке әрбір оқушыны барынша қосуға мүмкіндік беретін оқу тапсырмаларын жобалауда педагогтердің шығармашылық әлеуетін дамытуға жәрдемдесу. Байқауға Павлодар, Қызылорда, Ақмола облыстарының білім беру ұйымдарынан 159 педагог (88 жұмыс) қатысты. Қатысушылардың байқау жұмыстары 6 номинация бойынша ұсынылды.

Байқау қорытындысы бойынша Павлодар қаласы жалпы білім беретін мектеп педагогтерінің 32 жұмысы үздік деп танылды.

«Оқу функционалдық сауаттылығын дамыту бойынша үздік дидактикалық құрал» номинациясы бойынша I орынды № 17 ЖОМ мұғалімдері Н. Г. Кончикова,  З. Р. Мұхамеджанова, Т. П. Огурцова, II орынды № 40 ЖОМ мұғалімдері Т. Т. Карпбаева,  О. В. Нұркенова алды.

«Функционалдық жаратылыстану-ғылыми сауаттылықты дамыту бойынша үздік дидактикалық құрал» номинациясы бойынша II орынды № 11 ЖОМ мұғалімдері А. А. Бермұхамбетов, Б. К. Иманғазина,  Р. А. Налетенко,  III орынды № 7 ЖОМ мұғалімдері А. Д. Бейсембаева, А. Б. Закарьянова иеленді.

«Функционалдық математикалық сауаттылықты дамыту бойынша үздік дидактикалық құрал» номинациясы бойынша I орынды № 16 лицей-мектебінің мұғалімі Дәулет Марта, II орынды М. Әлімбаев атындағы ЖОМ мұғалімі С. А. Бойченко, № 39 ЖОМ мұғалімдері Н. Е. Тұмарбекова, Л. Н. Косенко, Қ. К. Қожбаева, Л. М. Искакова, В. Х. Якубова, К. Б. Каббасова, Б. Момышұлы атындағы ЖОМ мұғалімі Б.С. Мұқашева, № 11 ЖОМ мұғалімдері Т. В. Пирожкова, О. Л. Брюховец, А. С. Байжұманова, № 2 ЖОМ мұғалімі А. Б.Абуова иеленді. III орынды № 29 ЖОМ мұғалімдері П. Ж. Әбілшаикова, А.С. Иманбаева, Н. Б. Сейтахметова, Исполова Алтынгүл иеленді.

Сонымен қатар, байқаудың сырттай кезеңі барысында қосымша номинациялар анықталды.

«Мектеп пәндерін оқыту үдерісінде функционалдық сауаттылықты дамыту бойынша үздік дидактикалық құрал» номинациясында I орын 29 ЖОМ мұғалімдері Г.Қ. Каламова, З.Т. Рахметжанова, II орын № 37 ЖОМ мұғалімі Г.А. Дүйсенбина,  № 11 ЖОМ мұғалімдері С. М. Белогурова, С. Т. Наурызбаева, Д. Д. Оспанова, III орын № 17 ЖОМ мұғалімдері Г.М. Шаймардан, С. Д. Ельтаева, 40 ЖОМ мұғалімі М. И. Шишлов, № 16 лицей- мектебінің мұғалімі А. Х. Жапарғазинова иеленді.

 «Ағылшын тілі сабақтарында функционалдық сауаттылықты дамыту бойынша үздік дидактикалық құрал» номинациясы бойынша І орынды № 17 ЖОМ мұғалімі Д. Ж. Мекежанова, № 25 ЖОМ мұғалімі А. Н. Сачанова, К. Е Қожахметова, ІІ орынды № 21 ЖОМ мұғалімі З.О. Тілеуленова, ІІІ орын – № 39 ЖОМ мұғалімі А. М. Оразалинова,  Әуезов атындағы ЖОМ мұғалімі Г. Т. Макина иеленді.

«Бастауыш мектепте функционалдық сауаттылықты дамыту бойынша үздік дидактикалық құрал» номинациясы бойынша І орынды - № 33 ЖОМ мұғалімі А. Ж. Әбенова, № 16 лицей-мектептің мұғалімдері А. К. Исимова, Ж. С Мұхамеджанова, Е. Н. Шкрет, ІІ орынды - № 24 ЖОМ мұғалімдері З. К. Мұсабаева,Р. Ж. Сүлейменова, Ж.Қ. Жұмажанова, № 28 ЖОМ мұғалімі Б. И. Есембаева, Кенжекөл ЖОМ мұғалімдері А. К Бозжігітова, Қ.Т. Егімбаева, А. С. Шахсұлтанова, III орын - № 19 ЖОМ мұғалімі А.Е. Жакупова, № 39 ЖОМ мұғалімдері Е. А. Майлакова, Е.В. Кичигина, Е. В. Трушакова, Қ. Мақпалеев атындағы ЖОМ мұғалімдері А.О. Молдагелдинова, М. Ш. Хуснутдинова, А. А. Моргун иеленді.