ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
Оқушылардың оқу сауаттылығын қалыптастыру бойынша тәжірибе алмасу
13-12-2021 09:49
Оқушылардың оқу сауаттылығын қалыптастыру бойынша тәжірибе алмасу

2021 жылдың 8 желтоқсанында облыстың жалпы білім беретін мектептерінің 120-дан астам мұғалімі Павлодар қаласының білім беру бөлімімен және педагогикалық шеберлік орталығымен бірлесіп өткізілген «Оқитын мектеп» жобасын іске асыру бойынша онлайн-семинарға қатысты.

Семинарда педагогикалық шеберлік орталығы филиалының менеджері Әлмағамбетов Қайыржан Сағынтайұлы сөз сөйледі. Өз баяндамасында ол кітапты оқып қана қоймай, мәтінді оқып, тапсырмаларды орындай отырып, оқушылардың функционалдық сауаттылығы, оқу жылдамдығы артатынын атап өтті.

2021 - 2022 оқу жылына арналған оқу-тәрбие үрдісінде білім алушылардың функционалдық сауаттылығын және әмбебап құзыреттілігін қалыптастыру шеңберінде «Қазақстан Республикасында білім беруді және ғылымды дамытудың 2020 - 2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасына» сәйкес жобаны іске асыру бойынша № 2 мектептің жұмыс тәжірибесі ұсынылды.

Семинарда мектеп басшысы Г. К. Белгібаева өз мектебінде «Оқитын мектеп» жобасының қалай жүзеге асырылып жатқаны туралы айтып, бұл қаладағы пилоттық мектептердің бірі екенін атап өтті. Басшының орынбасарлары Г. Ш. Жаменкенова қандай іс-шаралар жоспарланғанын, осы жобаны іске асыруды неден бастау керектігін айтып берді, Т. Қайырбекқызы 1-сынып оқушыларын оқуға қалай тез үйрету керектігі, ол үшін қандай тиімді технологиялар мен әдістерді пайдалану керектігі туралы ауқымды ақпарат берді. Ж. Б. Шарденова оқудың әр сабаққа 5 минуттық интеграциялануы, мәтін таңдау, шығармашылық топтардың жұмысын ұйымдастыру, клубтардың жұмысы туралы, тәрбие жұмысы жөніндегі басшының орынбасарлары К. К. Тезекбаев, М. М. Ахметжанов осы жобаға ата-аналардың белсенді қатысуы туралы айтып, осы бағытта жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы түрлі бейнематериалдар ұсынды. Пән мұғалімдері М. Ш. Казангапова, Г. К. Сапина, Г. Т. Жүнісова оқу сауаттылығын қалыптастыру бойынша тәжірибелерімен бөлісті.

Семинарға қатысушылар № 2 мектеп педагогтарының жұмыс тәжірибесі пайдалы болғанын және мектептерде жұмысты одан әрі жетілдіруге ықпал ететіндігін атап өтті.