ВЕБ-САЙТЫ ОБРАЗОВАТЕЛЬНЫХ УЧРЕЖДЕНИЙГОРОДА ПАВЛОДАРА
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Pavlodar, 25 Krivenko St.
32-21-67
телефон доверия/Call-центр
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Мектептегі кәсіби-бағдар беру жұмысы
14-12-2021 08:33
Мектептегі кәсіби-бағдар беру жұмысы

Облыстың «Кәсіптер атласы» жобасын іске асыру бойынша пилоттық жоба шеңберінде Павлодар қаласы білім беру бөлімінің әдістемелік кабинеті Инновациялық Еуразия университетімен бірлесіп ZOOM платформасында онлайн режимде «Мектептегі кәсіби бағдарлаудың ерекшеліктері. 21 ғасырдың 100 жаңа мамандығы» атты семинар өткізді. Мақсаты - кәсіптік бағдар берушілерді еңбек нарығының қажеттілігіне сәйкес мамандықтар атласы, мектептегі кәсіби-бағдар беру жұмысы туралы ақпараттандыру. Жалпы білім беретін мектептердің 60-тан астам педагог-психологтары қатысты.

Семинарда Павлодар қаласы білім беру бөлімінің әдіскері Шолпан Сәменқызы Нұрахметова оқушылар мен ата-аналар арасында мамандық таңдау және кәсіби бағдар беру мәселелеріне тоқталды. Оразбекова Әйгерім Алтынбекқызы, жоғары оқу орнына дейінгі білім беру және қабылдау бөлімінің бастығы, Инновациялық Еуразия Университетінің қабылдау комиссиясының жауапты хатшысы, өз сөзінде «Мектептегі кәсіби бағдарлаудың ерекшеліктері. 21 ғасырдың 100 жаңа мамандығы» тақырыбында жаңа мамандықтардың кең спектрі және оқушыларды болашақ мамандықты дұрыс таңдауға дайындау туралы толық түсінік берді.

Семинардың материалдары мен ұсыныстары оқушыларды кәсіптік бағдарлау бойынша педагогтердің, сынып жетекшілердің, педагог-психологтардың өзін-өзі дамыту және өздігінен білім алу үшін қала мектептеріне жіберілетін болады. Жұмыс қабілеттерді анықтау, мамандық таңдаудың дұрыстығы бойынша диагностиканы жүргізу және талдау әдістері мен құралдарын меңгеру бойынша семинар-практикумдар нысанында жалғастырылатын болады. Болашақта осы жоба аясында қаланың жалпы білім беретін мектептерінің педагог-психологтары оқытылады.