ВЕБ-САЙТЫ ОБРАЗОВАТЕЛЬНЫХ УЧРЕЖДЕНИЙГОРОДА ПАВЛОДАРА
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Pavlodar, 25 Krivenko St.
32-21-67
телефон доверия/Call-центр
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Халықаралық байқаудың жеңімпаздары
15-12-2021 10:55
Халықаралық байқаудың жеңімпаздары

Павлодар қаласының № 120 сәбилер бақшасы - Этномәдени тәрбие орталығының тәрбиеленушілері Ережеп Айша мен Жұмабай Айсана «MUSIC FESTIVAL» халықаралық байқауына қатысып, 25 қатысушы арасынан I орын алды. Олар «MUSIC Festival kz» дипломдарымен, мүсінше және кубокпен марапатталды.

Қыздар эстрадалық вокал санатында өнер көрсетті. Байқауда павлодарлық жеңімпаздар Інжу авторының «Алло, алло» әнін дуэтпен орындады. Оларды конкурсқа дайындаған балабақшаның музыкалық жетекшісі Риза Оспандияровна Мусабекова. Риза Оспандияровна Мусабекова бірлескен және жемісті ынтымақтастығы, балалардың шығармашылық әлеуетін дамытуға қосқан елеулі үлесі үшін Алғыс хатпен марапатталды.

- Қыздардың музыкалық қабілеттері жақсы, олар музыканың көңіл-күйіне белсенді жауап береді, қызығушылықпен айналысады. Эмоционалды, тез жаттайды, егжей-тегжейлі жұмысқа белсенді. Оқу жылы барысында интонациялау дәлдігімен, орындау мәнерлілігімен, әншілік тыныс алу дағдыларын әзірлеумен жұмыс істедік, - дейді Риза Оспандияровна.

Олар балабақшаның «Әнші балапан» үйірмесінде 3 жастан бастап вокалмен айналысады,  дауыстары сопрано, қазіргі  таңда олар 5 жаста.