ВЕБ-САЙТЫ ОБРАЗОВАТЕЛЬНЫХ УЧРЕЖДЕНИЙГОРОДА ПАВЛОДАРА
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Pavlodar, 25 Krivenko St.
32-21-67
телефон доверия/Call-центр
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Тарих мұғалімін құрмет белгісімен марапаттау
15-12-2021 11:27
Тарих мұғалімін құрмет белгісімен марапаттау

Павлодар қаласының № 19 ЖОМ тарих пәнінің мұғалімі Күзембаев Аян Сансызбайұлы білім беру саласындағы ерекше еңбегі үшін «Қазақстан Республикасының құрметті білім қызметкері» төсбелгісімен марапатталды. Марапаттау рәсімі 2021 жылдың 13 желтоқсанда Нұр-Сұлтан қаласының Л. Гумилев атындағы Еуразия мемлекеттік университетінде өтті, марапатты Қазақстан Республикасының Білім министрі Асхат Қанатұлы Аймағамбетов тапсырды.

Аян Сансызбайұлы осы мектепте 2006 жылдан бері жұмыс істейді. Осы кезеңде өзін шығармашылықпен жұмыс істейтін мұғалім ретінде көрсетті, әр түрлі деңгейдегі байқаулар мен семинарларға үнемі қатысады. «Жыл мұғалімі - 2019» қалалық байқауында гран-при иегері атанды. 2020 жылы облыстық «Жыл мұғалімі - 2020» байқауының қорытындысы бойынша «Креативтілік» номинациясы бойынша марапатталды. Павлодар облысының білім беру басқармасының алғыс хатымен, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің «Өрлеу» БАҰО» АҚ құрмет грамотасымен марапатталған. Облыстық байқауда «Үздік педагог - 2020» атағына ие болды.

Аян Сансызбайұлы үнемі өзінің кәсібилігін арттырып, облыстық және республикалық білім беру алаңдарында, түрлі цифрлық платформаларда тәжірибесімен бөліседі. 2015 жылдан бастап республикалық педагогикалық шеберлік орталығының тренері. 2020 жылы Павлодар, Қарағанды, Шығыс Қазақстан, Батыс Қазақстан облыстарының жалпы білім беретін мектептерінің тарих және құқықтану мұғалімдеріне арналған «Жаңартылған мазмұн бағдарламасы» атты курсын өткізді. Орта білім мазмұнын жаңарту аясында «Қазақстан тарихы» және «Құқық негіздері» пәндері бойынша педагог кадрлардың біліктілігін арттырудың білім беру бағдарламасы бойынша жаттықтырушы ретінде курсты кәсіби өткізгені үшін республикалық «Педагогикалық шеберлік орталығының» алғыс хаттарымен марапатталды.