ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
Туристік көпсайыс бойынша кубогының иегерлері
24-12-2021 09:39
Туристік көпсайыс бойынша кубогының иегерлері

2021 жылғы 16 - 19 желтоқсан күндер аралығында  Екібастұз қаласында жасанды рельефте туристік көпсайыс бойынша Екібастұз қаласы әкімінің кубогы облыс чемпионатына 123 спортшы, Павлодар, Екібастұз және Ақсу қалаларының туристік клубтары қатысты. Қала намысын Павлодар қаласы білім беру бөлімінің балалар-жасөспірімдер экология және туризм орталығының «СЮТур» балалар-аула клубының «Вершина», «Пирамида», «Искра», «Вертикаль» туристік клубтарының 58 тәрбиеленушісі қорғады.

Облыстың үздік спортшылары 5 жас тобында 9 - 10, 11 - 12, 13 - 14, 15 - 17, 18 жастан үлкен тау және жаяу жүру туризмінің төзімділігі мен техникасында «Жеке-командалық» және «Байламдар» қашықтықтарында жарысты.

Чемпионаттың қорытындысы бойынша балалар-жасөспірімдер экология және туризм орталығының туристік клубтары 46 жүлделі орындарға ие болды, оның ішінде,  I  орын -14, ІІ  орын - 16, ІІІ орын - 16. Жеңімпаздар мен жүлдегерлер медальдармен, грамоталармен және дипломдармен марапатталды. Команда өкілдері мақтау қағаздарымен және медальдармен марапатталды.

Жалпы командалық есепте Павлодар қаласының «Вершина», «Пирамида» туристік клубтарының құрама командасы Екібастұз қаласы әкімі кубогының абсолютті чемпионы және иегері атанып, дипломмен, бағалы сыйлықпен марапатталды. «Искра» командасы III жалпы командалық орынға ие болды, диплом және бағалы сыйлықпен марапатталды.