ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
Гуманитарлық цикл мұғалімдеріне әдістемелік қолдау көрсету
12-01-2022 10:25
Гуманитарлық цикл мұғалімдеріне әдістемелік қолдау көрсету

Қысқы каникул кезеңінде каникулдық әдістемелік апта шеңберінде Павлодар қаласы білім беру бөлімінің әдістемелік кабинеті оқу жоспарының инвариантты бөлігінің пәндері бойынша оқушылардың білімдерінің олқылықтарын толтыру бойынша «Оқу  пәні - фокуста» бірыңғай әдістемелік күнін өткізді. Мақсаты - білім алушылардың сабақтағы білім олқылықтары бойынша жұмыстың мазмұндық және технологиялық стратегиялары бойынша педагогикалық жұмыс тәжірибесін тарату. Гуманитарлық цикл мұғалімдерінің семинарларына мектептердің тарих, қазақ, орыс, ағылшын тілдерінен 300-ден астам мұғалім қатысты.

        Семинарда тарих мұғалімдерімен олқылықтарды толтыру бойынша жұмыс жоспары, үлгерімі нашар оқушылармен жұмыс алгоритмі айтылды. Семинардың практикалық бөлімінде мұғалімдер балалар біліміндегі олқылықтардың себептерін анықтап, шешу жолдары мен ең тиімді әдістер мен педагогикалық тәсілдерді талқылады. К. Құлжанов Кенжекөл ЖОМ,  Д. К. Құлжанов  № 9 ЖОМ, № 25 ЖОМ А. Н Жакиянова және С. Р Абрахманова  мұғалімдері өз жұмыс тәжірибелерімен бөлісті. Семинарға қатысушылар оқушылармен топтық жұмыстың, Google-формалармен, Onlane-mektep-пен жұмыс істеудің артықшылықтарын ашты.

               Семинарды қорытындылай келе, тарих мұғалімдері осы мәселенің өзектілігі туралы оң жауап берді, топтық жұмыстың артықшылықтарын, Google - формалармен, Onlane-mektep-пен жұмыс істеу формаларын ашты.

          Орыс және ағылшын тілдері мұғалімдерінің 2 секциясына 150-ден астам педагог қатысты. Мақсаты - жұмыс тәжірибесімен алмасу, жалпы білім беретін пәндер бойынша оқушылардың білім олқылықтарын толтыру бойынша жұмыстың жаңа белсенді түрлерін іздеу.

Семинарлардың қорытындысы бойынша білім алушылардың білімдеріндегі олқылықтардың орнын толтыру үшін қиын тақырыптарды зерделеу бойынша әдістемелік ұсынымдар әзірленді.№ 25 және 36 мектептердің әдістемелік пәндік бірлестіктерінің мұғалімдері өздерінің жұмыс тәжірибелерін ұсынды. Модераторлар мектеп басшыларының орынбасарлары Рауза Амангелді және Копыльцова Надежда Владимировна сөйледі.

Қазақ тілі мұғалімдерінің семинарларында олқылықтарды жою бойынша жұмыс тәжірибесімен № 5,14 мектеп мұғалімдері Мажитова Г. М. Байгулова Г. С., Абильтаева таныстырды. Мұғалімдерге күнтізбелік-тақырыптық жоспарларға өзектілік  тақырыптарды қайталау бойынша ұсыныстар берілді.