ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
Экология бойынша бірлескен жобаларды іске асыру
18-01-2022 09:38
Экология бойынша бірлескен жобаларды іске асыру

Қазіргі заманғы экологиялық білім беру оқушылардың бойында су ресурстарын сақтаудан, жаңартылатын энергия көздерін пайдаланудан бастап, оқушылардың болашақ «жасыл» мамандықтарын саналы түрде таңдауына дейін табиғатқа ұқыпты қарау дағдыларын қалыптастыруға мүмкіндік береді. Осы мақсатта мектеп оқушылардың шығармашылық тұрғыдан жүзеге асыруы үшін жаңа жолдарды, мүмкіндіктерді іздейді және табады.

Осыған байланысты 2022 жылғы 13 қаңтарда «Жасыл ел» студенттік құрылыс және жастар жасақтарының Павлодар штабы» ҚҚ мен Павлодар қаласының экологиялық бағыттағы № 36 ЖОМ арасында екіжақты қарым-қатынастарды дамыту, бірлескен жобалар мен бастамаларды іске асыру, идеяларды іске асыруға жәрдемдесу туралы Меморандумға қол қойылды.

Мектеп екі жыл бойы «Жасыл ел» жасағымен белсенді қызмет істеп келеді. Жас жауынгерлер қаланы көгалдандыруда жұмыс істеді, Усолка жағалауын қоқыстан тазартты, оқушылар өздері тікке экошопперлерді таратты, «Өскелең ұрпақтың экологиялық мәдениеті мен экологиялық тәрбиесін арттыру» дөңгелек үстелін өткізуге және «I экологиялық Жастар форумына» қатысты.

- Біздің мектеп балалардың қоршаған әлемді танып білуге, экологины қорғау бойынша жұмыс жүргізуге, шығармашылық қызметін дамытуға қызығушылық танытатын мектептердің бірі. Басқа ұйымдармен бірлесіп жұмыс істеу экологиялық дамудың жаңа жолдарын іздеуге ықпал етеді. Бұл үлкен еңбек. Бұл ынтымақтастық біздің Ертіс өңірінің жаңа қызықты жобаларына қатысуға көмектеседі деп үміттенеміз, - деп атап өтті мектеп басшысы Ахмадова Зауреш Дауленовна.