ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
Инновациялық педагогикалық тәжірибені көпшілік алдында тыңдауы туралы
28-01-2022 12:14

Павлодар қаласы білім беру бөлімінің әдістемелік кабинеті 2022 жылдың 28 қаңтар күні сағат 15.00-де  онлайн форматта білім беру ұйымдары мұғалімдерінің инновациялық педагогикалық тәжірибесін көпшілік алдында қорғауды өткізіледі.

Мақсаты - мұғалімнің әлеуметтік және кәсіби имиджін қалыптастыру, педагогикалық инновацияларды қолдау және көтермелеу және педагогикалық тәжірибені жалпылау нысандарын жетілдіру. Инновациялық тәжірибені зерттеу, жинақтау және тарату бойынша жұмыс мақсатты және үздіксіз жүргізіледі.

Қалалық байқаудың екінші кезеңіне қаланың 17  жалпы білім беретін мектептерінен 30 мұғалімнің жұмыстары ұсынылады, 15 мектепке дейінгі мекемеден 18 тәрбиеші және 2 мектептен тыс мекемеден 4 педагог  көпшілік алдында қорғауға жіберіледі.

Көпшілік алдында тыңдаудың алқалық кезеңі  онлайн режимде химия, биология, география, математика, информатика, тарих, қазақ тілі мен әдебиеті, орыс тілі мен әдебиеті, ағылшын тілі, бастауыш білім беру, мектепке дейінгі, мектептен тыс оқыту бағыттары бойынша 10 секцияда өтеді.

Сараптау комиссиясының құрамына жоғары оқу орындарының ғалымдары, орталық тренерлері, білім беру бөлімінің әдіскерлері, мектеп басшылары, шығармашылықпен жұмыс істейтін мұғалімдер кіреді.

 

Павлодар қаласы білім беру бөлімі