ВЕБ-САЙТЫ ОБРАЗОВАТЕЛЬНЫХ УЧРЕЖДЕНИЙГОРОДА ПАВЛОДАРА
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Pavlodar, 25 Krivenko St.
32-21-67
телефон доверия/Call-центр
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Жасөспірімдер олимпиадасының облыстық кезеңіне қатысу туралы
31-01-2022 17:35

2022 жылғы 2-4 ақпанда , сағат 9.30 - 18.00 жасөспірімдер олимпиадасының облыстық кезеңіне Павлодар қаласының жалпы білім беретін мектептерінің 7, 8 - сыныптарының 17 оқушысы, олимпиаданың қалалық кезеңінің жеңімпаздары қатысады.

Жаратылыстану-математикалық бағыттағы пәндер бойынша ұсынылады: қала мектептерінің оқушылары математика (3 оқушы), физика (3), география (3), биология (3), химия (3) және бағдарламалау (2).

Олимпиада барлық 6 пән бойынша 1 турда қашықтықтан өткізіледі. 6 пән бойынша қатысушыларға арналған облыстық турдағы тапсырмалар қазақ және орыс тілдерінде тест түрінде беріледі.

Мақсаты - жаратылыстану-математикалық бағыттағы пәндер мен бағдарламалау бойынша олимпиадалық резерв құру, оқушыларды жоғары деңгейдегі олимпиадаларға дайындау.

 

Павлодар қаласының білім беру бөлімі