ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
Қысқы спорт түрлері бойынша облыстық жарыстың жүлдегерлері
22-02-2022 11:11
Қысқы спорт түрлері бойынша облыстық жарыстың жүлдегерлері

2022 жылғы 18 ақпанда № 25 ЖОМ «Сарбаз - 2022» қысқы әскери - қолданбалы спорт түрлері бойынша облыстық жарыстарға Павлодар қаласының 2 құрама командасы қатысты, оның құрамында № 17, 39, 41, 7, 35, Кенжекөл ЖОМ, М. Әуезов атындағы мектеп оқушылары бар, олар түрлі деңгейдегі жарыстардың жеңімпаздары мен жүлдегерлері.

Жарысқа облыстың жалпы білім беретін мектептерінен 5 спорттың түрі бойынша 100-ден астам оқушы қатысты, АК-74 бөлшектеу және жинау, оқпен ату, жалпы әскери қорғаныс жиынтығын кию, белтемірге тартылу, шаңғы эстафетасы.

Жарыс қорытындысы бойынша Павлодар қаласының командалары «Шаңғы дайындығы», «Белтемірге тартылу» номинациялары бойынша I орын, «Жалпы әскери қорғаныс жиынтығын кию» номинациясында II орын алды. Нәтижесінде Павлодар қаласының командасы II жалпыкомандалық орынға ие болды.

Еске сала кетейік, қысқы әскери-қолданбалы спорт түрлері бойынша «Сарбаз - 2022» қалалық кезеңі 2022 жылдың 6 ақпанында М.Әуезов атындағы мектепте өткен болатын. Жарыс қорытындысы бойынша жалпы командалық I орынды Кенжекөл ЖОМ оқушылары, II орынды № 41 ЖОМ оқушылары, III орынды М. Әуезов атындағы мектеп оқушылары иеленді.