ВЕБ-САЙТЫ ОБРАЗОВАТЕЛЬНЫХ УЧРЕЖДЕНИЙГОРОДА ПАВЛОДАРА
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Pavlodar, 25 Krivenko St.
32-21-67
телефон доверия/Call-центр
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Павлодарлық балалардың суреттеріндегі қысқы қиялдар
25-02-2022 13:08
Павлодарлық балалардың суреттеріндегі қысқы қиялдар

   Екібастұз қаласында өткен «Қысқы қиялдар» өңірлік байқауына облыстың жалпы білім беретін мектептері, қосымша білім беру ұйымдарынан 7 - 17 жас аралығындағы 500-ге жуық бала қатысты. Павлодар қаласындағы Балалар көркемсурет мектебінің 20 жас суретшілері өз жұмыстарын байқауға жіберді.

   Қазылар алқасы қатысушылардың үздік шығармашылық жұмыстарын, байқауды ұйымдастырушы, Екібастұз қаласындағы Балалар көркемсурет мектебін, оның ішінде Павлодар көркемсурет мектебінің 3 оқушысын I, II, III дәрежелі дипломдарымен атап өтті.

   I орынды Анель Садыкова, 16 жаста, (ұстазы Лариса Алексеевна Кузнецова) графика техникасында орындалған «Қысқы Астана» суреті үшін, Яна Родкина, 14 жаста, (ұстазы Светлана Евгеньевна Рейн) гуашь техникасында орындалған «Мысықтың үйі жаңа жылды қарсы алады» суреті үшін алды. 3 орынды Игорь Чиркин, 6 жаста, «Гена Чебурашкаға жаңажылдық киім таңдауда» суреті үшін. Ол сурет салуды ерте жастан бастады және «Құстар даңғылы - 2021» республикалық сайысының жүлдегері (ұстазы Сидоренко Оксана Валерьевна).

   Анель өте үздік оқушы. Ол республикалық, халықаралық және облыстық байқаулардың  бірнеше дүркін жеңімпазы. Мысалы, 2021 жылдың шілдесінде Алматы қаласында өткен «Шығармашылық Академиясы» республикалық байқауында финалист атанды, 2022 жылдың қаңтарында ЮНЕСКО-ның құрылғанына 75 жыл толуына арналған халықаралық байқау-ойынына қатысты.

   - Яна мектебімізде 10 жасынан бастап шұғылданады. Дарынды қыз, түрлі техникалар мен жанрларда сурет салғанды ұнатады, жаңашылдықтан қорықпайды, жаңа жобаларды батыл қабылдайды. Ол әр түрлі деңгейдегі бейнелеу өнері байқауларының бірнеше реттік қатысушысы болып табылады,біріншірет жеңімпаз атанды. Ол өте көпшіл және мейірімді, айналасындағыларды өнерге деген терең қызығушылығымен еліктіріп әкетеді, - дейді оның ұстазы Светлана Евгеньевна.