ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
Презентация дизайны бойынша шебер-сағат
04-03-2022 08:32
Презентация дизайны бойынша шебер-сағат

Павлодар қаласы білім беру бөлімінің жас педагогтар кеңесінің жұмыс жоспарына сәйкес 2022 жылғы 2 наурызда № 1 ЖОМ-да қаланың жалпы білім беретін мектептерінің 40-тан астам жас педагогтарының қатысуымен «Презентацияға эргономикалық талаптар» атты шебер-сағат өткізілді. Мақсаты - презентациялармен жұмыс жасауда практикалық көмек көрсету.

Шебер-сағатта Павлодар қаласы білім беру бөлімінің бас маманы Қайкен Темірлан Нұрланұлы қатысушылармен тиімді презентацияны құрудың 10 тәсілімен бөлісті. Слайдтың форматы мен дизайнын таңдауға, мәтінмен және суреттермен жұмыс істеуге назар аударды. Ол құпияларды, суреттерді өңдеудің, анимацияның және навигацияның ерекше қасиеттерін, «жылдам пернелерді» - пернетақтадағы комбинацияларды, презентация шаблондарын іздеуді, пайдалы сайттарды, блогтарды пайдалануды көрсетті. Шебер-сағаттың практикалық бөлімінде қатысушылар презентация дағдыларын өздері пысықтауға мүмкіндік алды.

Шеберағаттың диалог алаңында пікір алмасу болды, тыңдаушыларға қызықтыратын мәселелер бойынша түсініктемелер берілді. Сабақ материалдары электронды-әдістемелік дайджесте орналастырылған және жұмыста пайдалану үшін мектептерге жіберілді.