ВЕБ-САЙТЫ ОБРАЗОВАТЕЛЬНЫХ УЧРЕЖДЕНИЙГОРОДА ПАВЛОДАРА
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Pavlodar, 25 Krivenko St.
32-21-67
телефон доверия/Call-центр
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Қаланың мектепке дейінгі ұйымдары педагогтерінің жұмыс тәжірибесі
25-03-2022 09:11
Қаланың мектепке дейінгі ұйымдары педагогтерінің жұмыс тәжірибесі

Павлодар қаласының білім беру бөлімі 2022 жылғы 1 - 18 наурыз аралығында өткізілген «Заманауи дәстүрлі емес сурет салу техникасы» республикалық шебер-сағатының қалалық кезеңінің қорытындысын шығарды. Байқаудың мақсаты педагогтердің үздік тәжірибесін анықтау және тарату, заманауи дәстүрлі емес сурет салу техникасы арқылы тәрбие-білім беру үдерісінде көркемдік-эстетикалық бағытты дамыту болып табылады.

Осы кезеңде байқауда № 8, 18, 24, 33, 51, 82, 96, 102, 117, 120, 126  балабақшалардың 17 педагогі балалардың жас және жеке ерекшеліктерін, белсенділігі мен қабілеттерін ескере отырып, бейнелеу іс-әрекетіне қызығушылықты қалыптастыру, бейнелеу дағдыларын жетілдіру бойынша практикалық жұмыс тәжірибесі туралы «Заманауи дәстүрлі емес сурет салу техникасы» атты бейнероликтерін көрсетті.

Байқау қорытындысы бойынша I орын № 120 сәбилер-балабақшасының сурет мұғалімі Қайдарова Гүлнар Сартайқызына, № 126 сәбилер-балабақшасының мұғалімі Совцова Жанна Валерьевнаға берілді.

ІІ орынды келесі балабақша тәрбиешілері: Лель Татьяна Александровна (№ 102), Щетинина Галина Алексеевна, Дейбух Татьяна Романовна (№ 24), Мұхтарова Алтын Аманкелдіқызы (№ 33), Боярова Татьяна Андреевна (№ 51), Алиева Аида Мұратбекқызы № 96 сәбилер балабақшаның сурет мұғалімі алды.

III орынды № 117 сәбилер бақшасының педагог-психологі Рейфонас Ирина Ивановна, тәрбиешілер Слободенюк Ирина Васильевна (№ 82), Ускинбаева Айнагүл Жұмағалиқызы, Алпспаева Татьяна Кабдулаевна (№ 51), Смағұлова Салтанат Темірқанатқызы (№ 8), Бакеева Ботагөз Серікқызы (№ 33), Черныш Наталья Владимировна (№ 18), Машенова Зарина Сағындыққызы (№ 102), Маскаева Мейрамгуль Бақтыбайқызы (№ 126) иеленді.

«Заманауи дәстүрлі емес сурет салу техникасы» республикалық шебер-сағаттың келесі облыстық кезеңіне қатысу үшін № 120 сәбилер-балабақшасының педагогі Гүлнар Сартайқызы Қайдарованың, № 126 сәбилер-балабақшасының педагогі Жанна Валерьевна Совцованың сабақтарының бейне материалдары жолданады.