Атырау қаласындағы көркем гимнастикадан Қазақстан кубогында Павлодар қаласы № 29 ЖОМ 9 сынып оқушысы Алина Антипова жеке және командалық біріншілікте бірнеше мәрте жүлдегер атанды.
Спортшы клубтар жаттығуда күміс жүлдегер, көпсайыста және шеңбер мен доп жаттығуларында қола жүлдегер атанды.
Бағдарлама бойынша топтық сайыстарда спорт шеберлігіне үміткерлер доппен жаттығуда күміс жүлдегерлер және көпсайыс пен арқан тартуда қола жүлдегерлер болып № 9 гимназия-мектебінің 8-сынып оқушысы Акежанова Алина, № 17 мектептің 8-сынып оқушысы Суховецкая Виктория, № 36 мектептің 8-сынып оқушысы Немеренко Яна, № 43 мектептің 8 сынып оқушысы Кристина Дубинина атанды. Барлық жүлдегерлер № 1 олимпиадалық резервтің мамандандырылған балалар мен жасөспірімдер мектебінің тәрбиеленушілері, спортшыларды Елена Белус және Любовь Бронская жаттықтырады.
Жалпы есепте облыс командасы жеке біріншілікте төрт күміс және үш қола, топтық жаттығулар бағдарламасында бір күміс және екі қола медаль жеңіп алды.