ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
Шығармашылық фестивальдегі жас орындаушылардың жетістіктері
11-04-2022 09:12
Шығармашылық фестивальдегі жас орындаушылардың жетістіктері

Павлодар қаласы білім беру бөлімінің «Павлодар дарыны» бос уақытты  қамту және балалардың дарындылығын дамыту орталығымен  2022 жылғы 5 сәуірде № 6, 14, 15, 17, 35, 36 мектептердің 4 - 11 сынып оқушылары ерекше білім берілуіне қажеттілігі бар балаларға арналған «Жұлдызай» шығармашылық фестивалінің қалалық туры  өткізілді. Мақсаты  - шығармашылық қабілеттерін дамыту, әлеуметтенуіне жағдай жасау.

Фестиваль шарты бойынша онлайн-форматта республикалық турға қатысу үшін 4 номинация бойынша іріктеу кезеңі өтті: «Вокал», «Хореография», «Аспаптық орындау», «Ымдау тілі». Байқау қорытындысы бойынша вокал, аспаптық орындау бойынша 9 оқушы жүлделі орындарға ие болды.

I орынды «Вокал» номинациясында сөзі Д. Тейлор, музыкасы А. Моцарт  «Littlestar» әнін  орындағаны үшін 5 сынып оқушысы Резанко Анастасия, фортепианода В. Гиллоктың «Фламинко» шығармасын орындағаны үшін «Аспаптық орындау» номинациясында № 6 ЖОМ 5 сынып оқушысы Кожан Арнур иеленді.

II орынды «Вокал» номинациясында № 17 ЖОМ 3 сынып оқушысы Азатова Аяла сөзі А. Пряжников, музыкасы А. Данилко «До-ре-ми» әнін, № 14 ЖОМ 6 сынып оқушысы Бейбіт Нұрлан сөзі және музыкасы Т. Төрағали жазған  «Қазағым» әнін орындағаны үшін иеленді.

ІІІ орын «Вокал» номинациясы бойынша  сөзі Д. Непомнящий музыкасы В. Шайнскийдің «Мамонтенок» әнін, № 36 ЖОМ 5 сынып оқушысы Кисилева Виолетта,  сөзі Ю. Энтин, музыкасы М. Минков «Мейірім  жолымен» әнін орындағаны үшін, Үлкенбаева Асель, Аленова Сания дуэт  № 15 ЖОМ  5 сынып оқушылары, М. Әлімбаев атындағы мектептің 3 сынып оқушысы Веснина Анастасия сөзі мен музыкасы И. Резник жазылған «Друг друга храните во все времена» әнін орындағаны үшін марапатталды.    Жүлделі орындарға ие болған қатысушылар Павлодар қаласының  білім беру бөлімінің «Павлодар дарыны» орталығының I, II, III дәрежелі дипломдарымен марапатталды, сәуір айында I, II орын алғандар облыстық турға қатысады.