ВЕБ-САЙТЫ ОБРАЗОВАТЕЛЬНЫХ УЧРЕЖДЕНИЙГОРОДА ПАВЛОДАРА
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Pavlodar, 25 Krivenko St.
32-21-67
телефон доверия/Call-центр
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Ауған соғысы ардагерлерімен кездесу
21-04-2022 11:45
Ауған соғысы ардагерлерімен кездесу

  «Павлодар облысы мен Павлодар қаласының Ауған соғысының, жергілікті соғыстардың ардагерлері мен мүгедектері» ҚҚ-мен ынтымақтастық шеңберінде Павлодар қаласының 36 мектебінде Ұлы Отан соғысындағы Жеңіс күнінің 77 жылдығына арналған «Еске алу сабағы» өтті. Мақсаты - патриоттық, адамгершілік-рухани тәрбие, ел тарихын білу. Жоғар сынып оқушылары қатысты.

   Кездесуге ардагерлер қоғамдық қорының директоры Байгабыл Нуртаевич Майкотов, интернационалист жауынгерлер Сергей Викторович Емельянов, Толеген Жамитович Кокумбаев қатысты. Кездесу Қоғамдық қордың қызметі туралы бейне фильмді көруден басталды. Олар Ауғанстанға әр жылдары келді және әр түрлі бөлімдерде қызмет етті, алайда соғыс тарихы бір болды. Қонақтар сол соғыста қаза тапқан жерлестер, облыс тумалары туралы айтып, еске алды, жас ұрпақты өз Отанын сүюге және оның лайықты қорғаушысы болуға шақырды. Оқушыларды қонақтардың қызмет атқарған күндері, олардың әскери іс-қимылдары қызықтырды.

  - Ар-намысы мен қадір-қасиеті бос сөз емес, қорқынышты соғыстан өткен адамдармен ұмытылмас кездесулер жас ұрпақты тәрбиелеуге көмектеседі, балаларда соғыстан бас тартуды қалыптастырады, патриотизм, туған жерге деген сүйіспеншілік сезімін тәрбиелейді, - дейді мектеп басшысының орынбасары Зоя Михайловна Русакова.

  Оқушылар қонақтарға мазмұнды сөйленген сөзлері үшін алғыс айтып, өздері жасаған ашық хаттарды сыйлады, мектептің «Әскери Даңқ» және «Экологиялық» мұражайларында экскурсия өткізді.