ВЕБ-САЙТЫ ОБРАЗОВАТЕЛЬНЫХ УЧРЕЖДЕНИЙГОРОДА ПАВЛОДАРА
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Pavlodar, 25 Krivenko St.
32-21-67
телефон доверия/Call-центр
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
6 - 7 сынып оқушылары арасында математика пәнінен Смағұлов олимпиадасы туралы
29-04-2022 10:48

Павлодар қаласы білім беру бөлімінің «Павлодар дарыны» бос уақытты  қамту және балалардың дарындылығын дамыту орталығымен  Әл-Фабаби атындағы ҚазҰУ механика – математика факультетімен және «Әл-Фараби» олимпиадалық даярлау орталығымен бірлесіп 2022 жылғы 30 сәуірде  сағат 10.00-ден 18.00-ге дейін Павлодар қаласының № 43 мектебінде 6-7 сынып оқушылары арасында математика пәні бойынша Смагул олимпиадасы өтеді.

Бұл олимпиада математика бойынша  оқушылардың білімдерін тереңдету мақсатында өткізіледі.

Олимпиадаға қатысу үшін қаланың және облыстың жалпы білім беретін мектептерінен 487 оқушы тіркелді, оның ішінде  қаланың 36 жалпы білім беретін мектептерінің  5 - 11 сыныбының   317 оқушысы. Қатысушылардың жасы 12 - 14 жас.

Олимпиада екі турда өтеді. 30 сәуірде олимпиаданың 1 туры өтеді (2 сағатқа 20 тапсырма, қатысушылар тек жауаптарын ұсынуы керек). Бірінші турдың қорытындысы бойынша 24 ұпайдан  50 ұпайға дейін жинаған оқушылар конкурстың екінші кезеңіне қатысады.

Жеңімпаздар дипломдармен және бағалы сыйлықтармен марапатталады.

Қосымша ақпаратты мына мекенжай бойынша алуға болады: Павлодар қ., Жеңіс Алаңы 13, тел. 627209, 87768347346

 

Павлодар қаласының  білім беру бөлімі