ВЕБ-САЙТЫ ОБРАЗОВАТЕЛЬНЫХ УЧРЕЖДЕНИЙГОРОДА ПАВЛОДАРА
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Pavlodar, 25 Krivenko St.
32-21-67
телефон доверия/Call-центр
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Қалалық Шон би оқулары
12-05-2022 09:14
Қалалық Шон би оқулары

Павлодар қаласы білім беру бөлімінің «Павлодар дарыны» балалардың дарындылығын дамыту және  бос уақытты  қамту орталығымен 2022 жылғы 5 мамырда «Шон би оқулары» қалалық кезеңі өткізілді. Байқауға жалпы білім беретін мектептердің 7 - 11 сыныптарынан 24 оқушы қатысты - № 9, 19 (2), 20 (2), 21 (3), 25 (2), 27 (2), 29 (2), 33 (3), 37 (2), 40 (2), Қ. Мақпалеев, Қ. Бекхожин атындағы (2). Мақсаты - дарынды оқушыларды дамыту және қолдау, оқырман мәдениетін, ата-бабаларының тарихын білуге деген танымдық қызығушылықты арттыру.

Байқау шарты бойынша қатысушылар «Даланың атақты тұлғалары», «Қазақ қоғамындағы шешен билердің қызметі» тақырыптарына эссе жазып, «Арнаймын жыр  маржанын бабаларға» ақындар байқауына қатысып, 40 минут ішінде нақты материалдарға сүйеніп, ұлы бидің өмірі мен шығармашылығы, күрделі проблемалық тапсырмаларды білу және шешу туралы 30 тест тапсырмаларына жауап берді. 10 оқушы олимпиаданың жеңімпаздары мен жүлдегерлері атанды, оның ішінде бірінші орын - 3, екінші орын - 3, үшінші орын - 4.

I орынды  № 25 ЖОМ 8-сынып оқушысы Әмина Рамазанова, № 37 ЖОМ 7-сынып оқушысы Фатима Манай, № 33 ЖОМ 9-сынып оқушысы Кендір Қазыбек, ІІ орынды № 29, 40, Қ. Мақпалеев атындағы мектеп оқушылары, ІІІ орынды № 21, 25, 33, 37 мектеп оқушылары иеленді.

Манай Фатима өзінің «Даланың атақты тұлғалары» атты эссесінде ХІХ ғасырдың басындағы оқиғаларды қазіргі заманмен мазмұнды, сауатты байланыстыра білді, қарапайым халықтың өміріне қатысудағы бидің рөлін көрсетті, қазақ халқының тәуелсіздігі туралы қазіргі заманғы тарихи зерттеулердің мысалдарын келтірді және негіздеді. Қайыргелді   Назерке  өзінің «Қазақ қоғамындағы шешен-билердің қызметі» атты эссесінде халық өміріндегі сол кезеңдегі оқиғаларды саралай алды.

Олимпиада жеңімпаздары мен жүлдегерлері «Павлодар дарыны» бос уақытты қамту  және балалардың дарындылығын дамыту орталығының I, II, III дәрежелі дипломдарымен марапатталды. Байқау жеңімпаздары мамыр айында облыстық оқу кезеңіне қатысады.