«Едіге оқулары» байқауының облыстық кезеңіне облыстың жалпы білім беретін және мамандандырылған мектептерінің 7 - 11 сынып оқушылары, байқаудың қалалық, аудандық кезеңдерінің жеңімпаздары қатысты. Павлодардан № 20, 40, 41 мектептерінің 3 оқушысы қатысты. Оқу 2022 жылдың 16 маусымында дарынды балаларға арналған «Жас дарын» облыстық мамандандырылған мектебінде өтті. Ұйымдастырушы облыстық білім беру басқармасының «Ертіс дарыны» өңірлік қосымша білім беру оқу-әдістемелік орталығы және «Кереку билер алқасы» ҚБ.
Байқау ережесіне сәйкес 3 бағыт бойынша өткізілді. Байқау қорытындысы бойынша 41 оқушы, оның ішінде Павлодар қаласының 3 оқушысы жүлделі орындарға ие болды.
Байқау шарты бойынша қатысушылар Едіге би туралы эссе жазды, барлығы 12 оқушы қатысты, оның ішінде № 40 қала мектебінен 1 қатысушы. Тестке 17 оқушы қатысты, оның ішінде № 20 мектептен 1 оқушы. Қатысушылар 40 минут ішінде ұлы Едіге бидің өмірі мен шығармашылығы туралы 40 тест тапсырмаларына жауап берді. Облыстың 12 оқушысы өздерінің зерттеу жұмыстарын қорғады, оның ішінде № 41 қала мектебінен 1 оқушы.
Оқу қорытындысы бойынша павлодарлық үш қатысушы би туралы өз білімдерін көрсетті және басты жүлдеге ие болды. Бас жүлдені № 40 ЖОМ 8 сынып оқушысы Қабыкен Мөлдір, I орынды № 20 лицей-мектебі 10 сынып оқушысы, Қайролла Елнұр иеленді. № 41 ЖОМ 8 сынып оқушысы Муханов Ерали алғыс хатпен марапатталды.
Қатысушылар облыстық білім беру басқармасының «Ертіс дарыны» қосымша білім беру орталығының және «Кереку билер алқасы» ҚБ кубогы, бас жүлде дипломы, I дәрежелі диплом, «Жырлаумен өткен 20 жыл», «Қазақтың көрнекті биі» кітаптарымен және бағалы сыйлықтармен марапатталды және облыстық команда құрамында республикалық оқу кезеңіне қатысады.