kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Азаматтарды жеке қабылдау кестесі
Сайттың аналитикасы
Бір жылда2145550
Бір айда110126
Бір аптада21226
Кеше4749
Тәулік1671
Қаланың музыка мектебінде республикалық курстар өткізілді
21-06-2022 09:31
Қаланың музыка мектебінде республикалық курстар өткізілді

Павлодар қаласының Балалар музыка мектебінде 2022 жылғы 6 - 17 маусымда Қазақстанның 13 жалпы білім беретін орта мектептерінен, 11 өнер мектебінен, 14 музыка мектебінен, 1 оқушылар сарайы мен 1 балалар жасөспірімдер шығармашылығы орталығынан 50 қосымша білім беру педагогтары үшін «Концертмейстердің кәсіби құзыреттілігін жетілдіру» Республикалық біліктілігін арттыру курстары өтті.

– Біздің мектептің курстар өткізу базасы кездейсоқ емес еді. Бұл республикадағы ең үздік мектептердің бірі. Курстар барысында тыңдаушылар оқу-материалдық базамен, оқу құжаттамаларымен танысты, тәжірибелі ұстаздарымыз өз жұмыс тәжірибесімен бөлісті, теориялық және практикалық сабақтарды өткізуге қатысты, - дейді Павлодар мектеп басшысының м. а. Ольга Леонидовна Бобровская.

Теориялық және тәжірибелік сабақтарда қосымша білім беретін 13 педагог, Павлодар, Екібастұз, Ақсу қалалары, Батыс Қазақстан облысы Тасқала ауданы Балалар музыка мектептерінің, Алматы қаласы Бостандық ауданы № 3 оқушылар үйінің концертмейстерлері, Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының Павлодар облысы бойынша филиалының, Павлодар педагогикалық университетінің жоғары педагогика мектебінің оқытушылары өз жұмыс тәжірибелерімен бөлісті. Оның ішінде теориялық бөлім курстарында Павлодар мектебінің педагогтары «Қазақстан Республикасында балаларға қосымша білім беру: жағдайы және даму болашағы», «Балаларға қосымша білім берудің білім беру бағдарламаларын іске асыратын ұйымдардың қызметін реттеудің заңнамалық және нормативтік құқықтық негіздері», «Білім беру ұйымдарындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар» тақырыптарында баяндамалар жасады - Ольга Леонидовна Бобровская, «Балаларға қосымша музыкалық білім беруді дамытудың міндеттері мен келешегі», «Педагогикалық және әдістемелік технологиялар», «Балаларға қосымша музыкалық білім беру тәжірибесіне заманауи педагогикалық технологияларды енгізу» - Қуаныш Мейрамұлы Ермекбаев, «Мәңгілік Ел» жалпыұлттық идеясын, «Рухани Жаңғыру» бағдарламасын іске асыру жағдайында «Өскелең ұрпақтың рухани-адамгершілік құндылықтарын тәрбиелеудің өзекті мәселелері», «Қосымша музыкалық білім беру мен тәрбиелеудің заманауи үрдістері: тәжірибе, мәселелері, болашағы» - Қайшанов Нұрлан Бақытұлы.

Тәжірибелік бөлімде «Концертмейстердің жеке орындаушылармен және вокалдық ансамбльмен жұмысқа шығармашылық қатысуы - педагогикалық, психологиялық, шығармашылық функциялар. «Концертмейстердің балалар хорымен жұмысы», «Концертмейстердің вокалистермен жұмыс істеу ерекшеліктері», «Концертмейстердің педагогпен жұмысы. Оқушыларды вокалды - хор орындаушылығын оқытуда STEAM технологиясын пайдалану» - Марина Юрьевна Бойко, «Хореография сыныбындағы концертмейстер жұмысының ерекшеліктері», «Балалар музыка мектептері мен өнер мектептерінің аспаптық сынып оқушыларының концерттік іс-әрекетіндегі концертмейстердің рөлі», «Сабақта педагогпен және оқушылармен концертмейстердің жұмысы» - Анна Валерьевна Шубладзе, «Концертмейстер жұмысының міндеттері мен ерекшелігі», «Концертмейстердің кәсіби қызметіне қажетті қабілеттері, біліктері және дағдылары», «Концертмейстердің қазақ халық аспаптары солистерімен жұмысының ерекшелігі» - Дмитрий Станиславович Масленников қатысушыларға мектеп оқушыларының концерттік тәжірибесінің оқу бағдарламасы бойынша сабақтарға қатысу ұйымдастырылды.

Павлодар мектебіне 2023 жылы 80 жыл толады. Мектептің бірегейлігі оның жасында ғана емес, сонымен қатар Павлодар облысының музыкалық ортасын құруда және музыкалық білім беруді дамытуда үлкен рөл атқарды. 4 мыңнан астам мектеп түлектерінің 700-ден астамы кәсіби музыканттар болды - ағайынды Бородиндер - әйгілі баяншылар дуэті, қазақстандық әнші және актриса Жанар Дұғалова, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Елена Сахно - «Астана Опера» мемлекеттік опера және балет театрының бас концертмейстері, Нұрсұлтан Сабиров - халықаралық және республикалық вокалистер байқауларының лауреаты, Болат Рахымжанов - музыкант, И. Байзақов атындағы Павлодар облыстық филармониясы симфониялық оркестрінің бас көркемдік жетекшісі және бас дирижері, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері.

Бүгінгі күні музыкалық білімді, іскерлікті және дағдыларды 7 бөлімнен мыңнан астам оқушылар алады: фортепиано, ішекті аспаптар, қазақ халық аспаптары, орыс халық аспаптары, үрмелі және соқпалы аспаптар, жеке және ансамбльдік ән айту, және басқа да бірқатар мамандықтарда теориялық пәндер бойынша фортепиано, синтезатор, скрипка, виолончель, домбыра, қобыз, қыл-қобыз, жетіген, баян, аккордеон, гитара, электр-гитара, домра, саксофон, труба, флейта, жеке, халықтық, хормен ән айту.

Мектепте 29 аспаптық ансамбль жұмыс істейді. 2006 жылы құрылған Қазақ халық аспаптар оркестрінің жетекшілері Қуаныш Мейрамұлы Ермекбаев пен Нұрлан Бақытұлы Қайшанов болды. Республикалық байқаулардағы жеңістер 2009, 2012 жылдардан бері жалғасып келеді. 2013 жылы «Кербез» домбыра ансамблі құрылды, жетекшісі Гаухар Арғынқызы Абжанова. 2013, 2014 жылдары ансамбль Түркияның Алания қаласында өткен «Арт Олимпия» халықаралық фестиваль-байқауында I орын иегері атанды. 2018 жылы «Серпін» фольклорлық ансамблі құрылып, ол Мәскеуде өткен «Звёзды столицы» халықаралық байқауының бас жүлде мектебінің қоржынына, 2019 жылы Санкт-Петербургте өткен «Территория музыки без границ» халықаралық байқауында I орын алып, 2020 жылы Павлодарда «Таланттар КZ» халықаралық байқауында жеңімпаз атанды. 2021 жылы «Серпін» ансамблі облысты «Менің Отаным - Менің болашағым» республикалық жобасында таныстырды. 2022 жылдың ақпан айында өткен 55 облыстық жас музыканттар байқауында ансамбль Бас жүлдені жеңіп алды, республикалық жас музыканттар байқауында Павлодар облысының атынан қатысып, екінші орынды иеленді.

Өткен оқу жылында түрлі деңгейдегі байқаулардың лауреаттары 364 бала болды, олар халықаралық байқауларда 99, республикалық байқауларда 33, облыстық байқауларда 9 жүлделі орынға ие болды.

2010 жылдан бері мектепте жыл сайын хор ұжымдары мен жеке және ансамбльдік ән бөлімі оқушыларының «Алтын бұлақ» фестиваль-байқауы өткізіліп келеді. Үздік хор ұжымдарының бірі Ксения Владимировна Миронецтің жетекшілігімен жоғары сынып хоры болып табылады, ол 2020 жылы Нұр-Сұлтан қаласында өткен жас музыканттардың республикалық фестиваль-байқауында III орын, 2016 жылы Мәскеу қаласында өткен «Планета талантов» халықаралық байқауында бас жүлде иеленді. Бірнеше рет хор «Екі жұлдыз» қалалық жобасына қатысты. И. Байзақов атындағы облыстық филармония сахнасында Болат Рахымжанов жетекшілік ететін симфониялық оркестрмен бірлесіп өнер көрсетуі хор оқушылары үшін орасан зор оқиға болды.

17 жыл бойы жазғы кезеңде мектепте «Сириус» мектеп жанындағы бейіндік лагері жұмыс істейді. 2021 жылы облыстық «Жаз - 2021» байқауында мектеп «Үздік қосымша білім беру ұйымы» номинациясының жеңімпазы атанды.

Педагогтер білім беру бағдарламаларының, вебинарлар мен шеберлік-сыныптар жобаларын құрастырады, музыкалық колледждің оқытушыларымен, педагогикалық университеттің музыкалық білім беру теориясы мен әдістемесі кафедрасымен жүйелі ынтымақтастық кеңінен қолданылады. Биыл Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясымен «Қобыз және баян» мамандығы бойынша кәсіптік тәжірибені ұйымдастыру туралы шарт жасалды. Мектеп жұмысының басым бағыттарының бірі аймақтағы концерттік-ағартушылық қызмет болып табылады - «Рухани жаңғыру» бағдарламасы, «Шаг навстречу» мектеп жобасы, қала тұрғындары үшін «Поколение NEXT», «Еңбек - елдің мұраты» жобаларына қатысу.