ВЕБ-САЙТЫ ОБРАЗОВАТЕЛЬНЫХ УЧРЕЖДЕНИЙГОРОДА ПАВЛОДАРА
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Pavlodar, 25 Krivenko St.
32-21-67
телефон доверия/Call-центр
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
«Үздік авторлық бағдарлама» облыстық конкурсының қорытындысы
22-06-2022 21:13
«Үздік авторлық бағдарлама» облыстық конкурсының қорытындысы

   Білім беруді дамытудың инновациялық орталығы 2022 жылғы маусым айында «Үздік авторлық бағдарлама» республикалық конкурсының облыстық кезеңінің қорытынды кезеңін өткізді. Мақсаты - пәндер бойынша таңдау курстарын, арнайы курстар, элективті курстар, оқу пәндерінің авторлық бағдарламаларын әзірлейтін үздік педагогтердің озық авторық тәжірибесін анықтау және тарату болып табылады. Конкурсқа бағдарламалары қалалық, аудандық іріктеу кезеңінен өткен білім беру ұйымдарының барлық типтері мен түрлерінің педагог қызметкерлері қатысты.

   Конкурс қорытындысы бойынша облыс қатысушыларының 26 жұмысы үздік деп танылып, I, II, III дәрежелі дипломдармен марапатталды, оның ішінде Павлодар қаласының білім беру ұйымдарының қатысушылары 13 жүлделі орынға ие болды.

«Бастауыш мектеп, мектепке дейінгі білім беру» бағытында I орын Шкулова Елена Владимировна алды,  № 53 сәбилер бақшасы, II орын - Дворцевая Оксана Григорьевна, № 49 санаторлық сәбилер бақшасы, III орын - Шажанханова Насихат Нурлановна​, Б. Момышұлы атындағы мектебі.

   «Психологиялық қызмет, әлеуметтік педагогика, өзін-өзі тану» бағытында III орын - Фольц Виктория Викторовна алды, № 34 инновациялық үлгідегі жалпы орта білім беру мектебі.

   «Қоғамдық-гуманитарлық бағыттағы пәндер бойынша (тарих, құқық негіздері, экономика)» бағытында II орын - Купесова Аимгуль Бильгибаевна, Кирибаев Нурсултан Жастлекулы алды, М. Әуезов атындағы мектебі, III орын - Байдолда Марат, № 19 мектебі.

  «Физика-математика бағытындағы пәндер бойынша (математика, физика, информатика)» бағытында I орын - Серикбаев Алмас Сансызбаевич алды, № 19 мектебі, II орын - Жакупова Меруерт Сексеновна, № 21 мектебі.

   «Қоғамдық-гуманитарлық бағыттағы пәндер бойынша (қазақ тілі мен әдебиеті, орыс тілі мен әдебиеті, ағылшын тілі)» бағытында II орын - Мукашева Бибигуль Съездовна алды, Б. Момышұлы атындағы мектебі.

  «Қосымша білім беру (үйірмелер, секциялар), педагог-психологтер, логопедтер» бағытында I орын - Алибаева Гульжихан Манарбековна алды, балалар-жасөспірімдер экология және туризм орталығы, II орын - Пятых Ирина Васильевна, № 126 сәбилер бақшасы - эстетикалық даму орталығы, III орын - Губарь Наталья Николаевна, балалар-жасөспірімдер экология және туризм орталығы.