ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
Тоғызқұмалақтан республикалық чемпионат жүлдесі
23-06-2022 09:01
Тоғызқұмалақтан республикалық чемпионат жүлдесі

Алматыда тоғызқұмалақтан 9, 11, 13, 15 жасқа дейінгі жасөспірімдер арасында классика, рапид және блиц бойынша Қазақстан Республикасының жеке чемпионаты аяқталды. Жарысқа еліміздің үш қаласы мен 14 өңірінен 500-ге жуық спортшы қатысты.

Чемпионат қорытындысы бойынша павлодарлықтар 6 медаль жеңіп алды, оның ішінде 13 жасқа дейінгі жасөспірімдер арасында блицте Павлодар қаласының № 37 ЖОМ 7 сынып оқушысы Тоқтасын Нұрхан III орынды иеленді.

Тоғызқұмалақ ойынын 1-сыныптан бастап дене шынықтыру пәнінің мұғалімі Есенгельдин Дархан Ибрагимовичтің жетекшілігімен мектеп үйірмесінде бастады. Жас кезінен бастап Нұрхан жыл сайын облыстық жарыстарға қатысып, жүлделі орындарға ие болды. Бірінші маңызды жеңіс - Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған облыстық чемпионатта 2 орынды алды. Одан әрі І. Қапаев, Қ. Машанов, Б. Шапиевке арналған облыстық турнирлерде бірінші орындарда иеленді. Жаттықтырушы Каймульдин Жанат Сембайұлының жетекшілігімен Нұрхан «Saryarqa samaly» газетінің жүлдесіне арналған республикалық турнирдің жеңімпазы, Балташ Сыздықұлы Дүйсеновты еске алуға арналған тоғызқұмалақтан республикалық ойындардың III орын иегері атанды. Сондай-ақ жасөспірімдер арасындағы республикалық чемпионаттардың жүлдегері.

Спорттан бөлек Нұрхан көркем әдебиет оқумен де айналысады. Бірнеше рет аудандық және қалалық Абай оқуларының жүлдегері болды. Сыныпта ол ең жақсы оқушылардың бірі, математика пәні бойынша мектеп олимпиадасының жеңімпазы. Мектеп іс-шараларына белсенді қатысады.