Размер шрифта:
↑Наверх
ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
Жазғы кезеңдегі спорттық ойындар
23-06-2022 09:15
Жазғы кезеңдегі спорттық ойындар

Павлодар қаласы білім беру бөлімінің «Павлодар дарыны» бос уақытты қамту және балалардың  дарындылығын дамыту орталығы «Жайдарлы жаз» жазғы бағдарлама аясында 2022 жылғы 20 маусымда шағын футболдан жазғы кубоктың «Әр қадаммен  өзіңе: апарар  жол» финалдық туры өткізілді. Мақсаты - салауатты өмір салтын қалыптастыру, демалыс уақытында балалар мен жасөспірімдердің бос уақытының  қамтылуын қамтамасыз ету. Турнир 7 маусымда шағын аудандар бойынша қаланың 29 мектебі базасында ашылды және 5 іріктеу турынан тұрды. Қаланың  № 1, 5, 6, 7, 14, 17, 18, 19, 21, 23, 24, 25, 26, 29, 30, 36, 37, 34, 41, 42, 43, Қ. Бекхожин атындағы, М. Әлімбаев атындағы, К. Мақпалеев, № 20 мектеп-лицейі, Жетекші, Кенжекөл  мектептерінің 6 - 10 сынып оқушыларының 340-тан астам құрамында 27 команда қатысты.

Іріктеу турларының қорытындысы бойынша финалдық турға № 5 ЖОМ «Ертіс» командасы, № 18 ЖОМ «Торнадо» командасы, № 25 ЖОМ «Атамекен» командасы, № 34 ЖОМ «Орлы» командасы, Қ. Мақпалеев атындағы мектептің «Фортуна» командасы қатысты. Турнир олимпиадалық жүйе бойынша өтті, командалардың матчқа қатысу реті жеребе бойынша анықталды.

       - Ойындар шағын футбол ережесі бойынша, төрт алаңдағы ойыншылар мен қақпашы құрамындағы командалар, әрқайсысы 10 минуттан екі таймнан тұратын футбол матчы өтті, - деді № 7 ЖОМ бас төрешісі, дене шынықтыру пәнінің мұғалімі Ермек Бозтайұлы Бозтаев.

         Матчтар спорттық құмарлықпен, көптеген голдармен өтті. Финал қорытындысы бойынша № 25 ЖОМ «Атамекен» командасы үздік атанды. Үздік шабуылшы болып № 5 ЖОМ 8 сынып оқушысы Горемыкин Кирилл, үздік қорғаушы - № 25 ЖОМ 8 сынып оқушысы Кизат Данат, үздік қақпашы - № 34 ЖОМ 8 сынып оқушысы Жарков Матвей танылды. Барлық финалистер «Павлодар дарыны» орталығының дипломдарымен, жеңімпаз команда - турнир кубогімен  марапатталды