ВЕБ-САЙТЫ ОБРАЗОВАТЕЛЬНЫХ УЧРЕЖДЕНИЙГОРОДА ПАВЛОДАРА
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Pavlodar, 25 Krivenko St.
32-21-67
телефон доверия/Call-центр
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
«Сарыарқа» шағын ауданындағы мемлекеттік тілде оқытатын мектепке қабылдау басталды
28-06-2022 15:31
«Сарыарқа» шағын ауданындағы  мемлекеттік тілде оқытатын мектепке қабылдау басталды

1 қыркүйектен бастап «Сарыарқа» шағын ауданында мектеп жұмыс істей бастайды. Оқыту тілі - мемлекеттік. Бір ауысымда 650 оқушы қабылдай алады.

Жаңа оқу орны кеңейтілген және тереңдетілген жаратылыстану-математикалық білім беруді қамтамасыз ететін лицей мәртебесінде жұмыс істейтін болады.

Мұғалімдер жаңа конкурстық іріктеу бойынша қабылданады. Педагогтің категорияларына, жұмыс тәжірибесіне, оқушылардың жетістіктеріне және мұғалімнің өз жетістігіне ерекше назар аударылатын болады. Бос жұмыс орындары туралы ақпарат goo.edu.kz сайтында орналастырылатын болады. Қабылдау шілде айының соңына дейін жоспарланған.

Балаларды бірінші сыныпқа қабылдау мектептің өзінде жүргізіледі. Қосымша ақпаратты 32-19-68, 61-60-85 телефондары арқылы алуға болады.