ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
Әдістемелік кабинет - өзгерістер арнасында
23-08-2022 09:51
Әдістемелік кабинет - өзгерістер арнасында

Бүгінгі таңда білім беру ұйымдары қызметінің сапасын қамтамасыз ету маңызды міндеттердің бірі болып табылады, оны сапалы және тиімді әдістемелік сүйемелдеусіз сәтті шешу мүмкін емес. Әдістемелік кабинет қызметінің бағыттарын үнемі жетілдіру қажеттілігі білім беру мазмұнын жаңартудағы жүйелі өзгерістерден, осы өзгерістерді іске асыру үдерісінде туындаған қайшылықтар мен мәселелерден, оның ішінде шектеу шараларын алып тастау кезеңінде оқу үдерісін ұйымдастырудан және білім алушылардың білімдеріндегі олқылықтардың орнын толтыруды ұйымдастырудан туындайды.

Әдістемелік кабинеттің қызметі - бұл кәсіби-педагогикалық стратегияның құрамдас бөлігі, оның аясында білім берудің жаңартылған мазмұны және қаланың білім беру саласының мұғалімдері мен басшыларын әдістемелік сүйемелдеуін іске асыру. Біз өз қызметіміздің инновациялық тәсілдерін қаланың бірыңғай әдістемелік ортасының жұмыс істеуі аясында жүзеге асырамыз. Уақыт талабына сай бірыңғай әдістемелік орта құру - білім беру мазмұнын жаңарту жағдайында мұғалімнің кәсіби құзыреттілігін арттырудың маңызды факторы, бірыңғай әдістемелік кеңістіктің тиімді жұмыс істеуі мұғалімге үздіксіз әдістемелік қолдау көрсетуге және білім беру мен тәрбие сапасы көрсеткіштерінің төмендеуіне жол бермеуге мүмкіндік береді. Павлодар қаласы білім беру бөлімінің әдістемелік кабинеті 6,5 мыңнан астам педагог пен 62 мың білім алушылар мен тәрбиеленушілерді қамтитын 134 білім беру мекемесіне қолдау көрсетеді.

2021 - 2022 оқу жылындағы оқытудың аралас форматы қаланың әдістемелік қызметінің алдына бірқатар жаңа басымдықтар қойды: қашықтықтан оқытуды ұйымдастыру және онлайн-платформаларда әдістемелік іс-шаралар өткізу үшін педагог қызметкерлердің барлық санаттарының АКТ-құзыреттерін қамтамасыз ету, үлгерім сапасының жай-күйіне тұрақты мониторинг ұйымдастыру және олқылықтарды толтыру бойынша жұмысты ұйымдастыру, оқыту тәсілдерін, технологияларын, бағалау қызметінің практикалық дағдыларын жетілдіру және тұрақты түзету аралас және қашықтықтан оқыту форматтарында, мұғалімдерге де, басшыларға да оңтайлы және тиімді қолдау көрсету үшін білім беру консалтингі және аутсорсинг технологияларын жетілдіру.

Әдістемелік кабинет қызметінің бағыттары мен іс-шараларын жоспарлаудың негізі нәтижеге бағытталған жүйелі жұмысты бағалауға мүмкіндік беретін қызметті бағалау индикаторларын талдау болып табылады. Индикаторлар біздің алдымызға қойылған міндетті - бірыңғай әдістемелік кеңістік шеңберінде жаңартылған білім беру мазмұнын іске асыру және табысты енгізу үшін педагогикалық қызметкерлердің кәсіби құзыреттілігін арттыруды табысты іске асыруға мүмкіндік береді. Жаңартылған стандарттарды іске асыру әдіскерлердің кәсіби құзыреттілігін үздіксіз жетілдіруді талап етеді. Кабинет әдіскерлерінің кадрлық әлеуеті өте жоғары: әдіскерлердің 87%-ы жоғары санатты және педагог-зерттеуші санаттары бар.

Мониторинг осы жұмыстың тиімділігін көрсетеді. Жаңа форматта аттестатталған мектеп педагогтерінің үлесі 64,5%-ды құрайды (2021 жылы - 58%), олардың ішінде сарапшы педагогтердің, зерттеушілер мен шеберлердің үлесі - 79%. Мектеп кадрларының сапалық деңгейін арттыру серпіні 3 жылда 59%-ды құрады. Мектепке дейінгі және мектептен тыс мекемелер педагогтерінің сапалық деңгейі тұрғысынан да осындай динамика байқалады.

Кадрлық әлеуеттің қолайлы мүмкіндіктерінің ішкі күшті және әлсіз жақтарын жүйелі талдау қала деңгейінде кадрларды әдістемелік сүйемелдеу жүйесін жедел басқаруға, жобалау алаңдары форматында әдістемелік сүйемелдеуді құруға мүмкіндік береді. 2021 - 2022 оқу жылының аралас оқыту форматы шеңберінде білім беру аутсорсингі деп аталатын әдістемелік қызметтерді көрсету үшін сыртқы ресурстарды тарту бойынша қала жағдайында әдістемелік өзара іс-қимылдың оңтайлы моделі өзін көрсетті. Педагогикалық шеберлік орталығымен, Павлодар облысы бойынша «Өрлеу» ПК БАИ, білім беруді дамытудың инновациялық орталығымен, НЗМ, өңірдің және ҚР жоғары оқу орындарымен (ПМПУ, ИнЕУ, Гумилев атындағы ЕҰУ), ведомстволық бағынысты мекемелердің әдістемелік қызметтерімен, басқа өңірлердің педагогтерімен табысты өзара іс-қимыл қамтамасыз етілді. Көкшетау, Қостанай, Қарағанды қалаларының әдістемелік кабинеттерімен ынтымақтастық туралы меморандумдарға қол қойылды.

Қала деңгейінде және әрбір білім беру мекемесінде әдістемелік сүйемелдеу және жүйелі өзара іс-қимыл аясында оқу жылы ішінде 10 инновациялық білім беру жобасы енгізілді. Оларды іске асыру жаңғырту шеңберіндегі өзекті бағыттар бойынша қызметті қамтамасыз етеді. Әдістемелік сүйемелдеу жүйесі инновациялық алаңдардың жұмыс істеуі форматында құрылған: «Білім беру мазмұнын жаңарту», «Білім беру мазмұнын жаңарту жағдайындағы көшбасшылық және менеджмент», «Оқу процесіне үштілділікті енгізу», «Функционалдық сауаттылықты қалыптастыру», «Инклюзивті білім беру бойынша психологиялық-педагогикалық қызметінің негізгі аспектілері», «Тәлімгер мектебі: тәлімгерлік-білім беру тренді ретінде», «Директордың оқу ісі жөніндегі орынбасарының шығармашылық зертханасы», «Оқитын мектеп», «Жас сарбаз».

Инновациялық әдістемелік алаңдардың жұмыс істеуі жағдайында біздің педагогтрдің озық тәжірибесі жүйеленеді және жинақталады, оны тарату үшін жағдайлар жасалады. Бұл бағыттағы жұмыс қаланың сараптамалық кеңесінің құрамына кіретін ПМУ, ИнЕУ, Торайғыров университеттерінің жетекші ғалымдарымен өзара іс-қимылда жүзеге асырылады. Оқытудың аралас форматы жағдайында әдістемелік сүйемелдеу БПҰ ұсыну, жүйелеу және қорыту мәселелері бойынша мектептердің педагогикалық ұжымдарының белсенділігін арттыруды қамтамасыз етуге мүмкіндік берді. ЖОО ғалымдарының жүйелі қолдауының арқасында сараптамаға әдістемелік-дидактикалық материалдарды ұсыну бойынша педагогтердің қызметін жандандыру мәселелерінде оң динамика байқалады.

Қалалық және облыстық байқаулар деңгейінде әдістемелік-дидактикалық құралдарды, авторлық бағдарламалар мен сабақтар әзірлемелерін қорғау форматында 37 мектептің 963 педагогінің және қаланың 16 МДМ тәжірибесі ұсынылды, бұл ретте өткен оқу жылымен салыстырғанда педагогтер саны бойынша динамика тиісінше 21%-ды және педагогикалық ұжым бөлінісінде 42%-ды құрады. Педагогтердің тәжірибесін онлайн-форматта таныстыру, қалалық ӘБ және шығармашылық топтардың жұмысына қатысу тәжірибесі жандандырылды. Семинарға 818 педагог қатысты. № 39, Б. Момышұлы, 21, 24, 25, 18, 16, 2, 27, 34, 29, 11, 17, 26 мектептердің педагогтерін ерекше атап өтуге болады.

Қаланың педагог қызметкерлері түрлі деңгейдегі байқауларда өз тәжірибелерін табысты ұсынуда. Облыстық «Үздік авторлық бағдарлама» байқауының жүлдегерлері 26 жүлделі орыннан 13 педагог иеленді. «Үздік оқу-әдістемелік материал - 2022» облыстық байқаудың қорытындысы бойынша 12 жүлделі орынға ие болды, оның ішінде 1-і - 5, 2-і - 4, 3-і - 3. Инклюзив бойынша «Үздік оқу-әдістемелік құрал» байқауының облыстық кезеңінің 20 жүлдегерінің 7-і қала педагогтерінің жұмыстары деп аталды.

Әдістемелік кабинеттің барлық қызметі әлеуметтік желілерде, БАҚ-та және білім беру бөлімінің сайтында белсенді түрде жарияланды. Қаланың білім беру саласы туралы жағымды имидж қалыптастыруға 2000-ға жуық жарияланым ықпал етті.

Осылайша, Павлодар қаласы білім беру бөлімінің әдістемелік қызметі қажетті ресурстармен: кадрлық, ғылыми-әдістемелік, ақпараттық, бағдарламалық, ұйымдастырушылық, техникалық, әдістемелік қызметті таңдау құқығын қамтамасыз етеді, педагогтің жеке білім беру бағытын іске асыру мүмкіндігін береді және бұл - серпінді жаңартуды білдіреді.

Алда жаңа оқу жылы. Әдістемелік қызметтің маңызды міндеттері ретінде оқыту мен тәрбиелеудің жаңа педагогикалық технологияларын, инновациялық жобаларды енгізу жолымен оқу-тәрбие үдерісінің жоғары сапасын қамтамасыз ету, жоғары оқу орындарымен, педагогикалық шеберлікті арттыру орталықтарымен, басқа өңірлердің педагогтерімен ынтымақтастық шеңберінде қаланың бірыңғай әдістемелік ортасы жағдайында аутсорсинг бағыттарын кеңейту болып айқындалды.