ВЕБ-САЙТЫ ОБРАЗОВАТЕЛЬНЫХ УЧРЕЖДЕНИЙГОРОДА ПАВЛОДАРА
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Pavlodar, 25 Krivenko St.
32-21-67
телефон доверия/Call-центр
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Шаңғыроллерден жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатының жүлдегері
08-09-2022 08:07
Шаңғыроллерден жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатының жүлдегері

Павлодарлық шаңғышылар № 9 гимназия-мектебінің 10 сынып оқушысы Елизавета Толмачева және 36 ЖОМ 11 сынып оқушысы Сабина Сүлейменова республикалық команда құрамында шаңғыроллерден жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатына қатысты. Турнир 2022 жылдың 25 - 28 тамызында Латвияда өтті.

Елизавета мен астаналық спортшы екі секундқа ғана кешігіп, қарсыластарына есе жіберіп, «күміс» медальді жеңіп алды. Сабина Сүлейменова қатысқан екінші жасөспірімдер командасы да жақсы нәтиже көрсетті. Олар қыз балалар тобының қорытынды хаттамасы бойынша бесінші болды.

Чемпионаттың алғашқы жарыс күнінде Елизавета алтыншы нәтижемен мәреге жетті. Екінші күні командалық спринт өтті. Чемпионаттың соңғы күнінде павлодарлық спортшы 15 шақырымдық масс-стартта өнер көрсетіп, бесінші және алтыншы орындарды иеленді.