2022 жылғы 19 қыркүйекте сағат 10.00-де «Павлодар дарыны» бос уақытты қамту және балалардың дарындылығын дамыту орталығында «Менің кіші отаным» V Республикалық жас тарихшылардың зияткерлік конкурсының қалалық кезеңі өтеді. Мақсаты - облыстық кезеңде қатысушыларды анықтау, туған елінің тарихына қызығушылық танытатын дарынды оқушыларды қолдау.
Байқау қатысушылары қаланың жалпы білім беретін мектептерінің 9 - 10 сынып оқушылары болып табылады.
Конкурс екі турда өткізіледі:
І тур Қазақстан тарихының сұрақтары бойынша тестілеу.
ІІ тур 4 номинация бойынша өтеді.
«Менің кіші Отанымның тарихы» - оқушылар елді мекеннің тарихын таныстыру , бейне-репортаж форматында ашуы тиіс.
«Кіші отан символы» - қатысушылар кіші отан туралы бейне материалмен таныстыру.
Менің кіші отанымның болашағы» - макет таныстыру форматында өтеді.
«Менің туған өлкем» - оқушылар өзінің жергілікті мекені туралы эссе жазады.
Жеңімпаздар мен жүлдегерлер «Павлодар дарыны» бос уақытты қамту және балалардың дарындылығын дамыту орталығының І, ІІ, ІІІ дәрежелі дипломдарымен марапатталады.
Байқау қорытындысы бойынша І орынды иеленген 4 қатысушы 2022 жылдың 15 қазанында облыстық турға қатысады.
Павлодар қаласының білім беру бөлімі