ВЕБ-САЙТЫ ОБРАЗОВАТЕЛЬНЫХ УЧРЕЖДЕНИЙГОРОДА ПАВЛОДАРА
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Pavlodar, 25 Krivenko St.
32-21-67
телефон доверия/Call-центр
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Жас туристердің жаяу туризм бойынша жетістіктері
14-09-2022 10:57
Жас туристердің жаяу туризм бойынша жетістіктері

Баянауыл мемлекеттік ұлттық паркінде 9 - 11 қыркүйек күндері аралығында жаяу туризм бойынша 3 күндік облыс чемпионаты өтті. Жарысқа Екібастұз, Ақсу, Абай облысы Семей қалаларының 9 туристік клубынан 27 команда, оның ішінде Павлодар қаласының білім беру бөлімінің Балалар-жасөспірімдер экология және туризм орталығының «Искра» туристік клубының тәрбиеленушілері қатысты.

Жарыс бағдарламасына құтқару жұмыстары элементтері бар кросспоход және жеке-командалық қашықтық кірді.

Жарыста 5 - 9 сыныптардың 13 оқушысы құрамында Павлодарлық жас туристер жақсы нәтиже көрсетіп, 33 жүлделі орынға ие болды. Барлығы облыстың туризм мен спортты дамыту басқармасының медальдарымен және грамоталарымен марапатталды. Клуб жетекшісі Кенжин Рустам Айтанұлы команданы дайындағаны үшін грамотамен және медальдармен марапатталды.

2011 жылы туған және одан кіші тобы I жалпы командалық орын, «Эстафета» қашықтығында 5 бірінші орынды, «Жеке» қашықтығында 2 бірінші орынды, «Кросспоход» қашықтығында 2 орынды жеңіп алды.

2008 - 2006 жылдары туған тобы I жалпыкомандалық орынды иеленді. «Эстафета» қашықтығында 5 бірінші орынды, «Жеке»  қашықтығында 2 орынды - бірінші және екінші, «Кросспоход» қашықтығында - екінші орынды жеңіп алды.

- Мен туризммен 6-сыныптан бастап айналысамын және 4 жылдан бері жарыстарға қатысып келемін. Туризммен айналыса отырып, өзіңді төзімділікке тексересің, бұл әр түрлі кедергілерді жеңу үшін бағытты таңдаудың жақсы тактикасы, қауіпсіз өту тәсілі мен тактикасын өз бетінше таңдайсың, туристік техника, бағдарлау, алғашқы медициналық көмек көрсету бойынша әр түрлі тапсырмаларды орындайсың, - дейді № 39 ЖОМ 10 сынып оқушысы Кривошеева Милана.

2009 - 2010 жылдары туған тобы  II жалпыкомандалық орынды иеленді. «Эстафета» қашықтығында 4 екінші орынды, «Жеке» қашықтығында - 2 орынды - бірінші және екінші, «Кросспоход» қашықтығында - екінші орынды жеңіп алды.

- Жаяу туризм бойынша Чемпионат 5 жыл ішінде алғаш рет өтті және жаңа форматы болды, жарыстан барлығы үлкен әсер алды, балалардың келесі чемпионаттарға дайындалуға үлкен ынтасы бар, - дейді Рустам Айтанұлы.