5-сынып оқушылары үшін қалалық математикалық олимпиаданың іріктеу кезеңі 2022 жылғы 27 қыркүйекте сағат 15.00-де № 7 мектепте өткізіледі. Олимпиаданың мақсат - дарынды балаларды ерте анықтау және оларды математика ғылымдары саласында ынталандыру.
Олимпиада «Павлодар дарыны» бос уақытты қамту және балалардың дарындылығын дамыту орталығы«OLYMPHOUSE» олимпиадалық даярлау орталығымен бірлесіп 2 кезеңде өткізіледі.
Олимпиаданың 1-ші кезеңі іріктеу -20 тест тапсырмасын орындау, уақыты 2 сағат.
4 қазанда іріктеу турында үздік нәтиже көрсеткен оқушылар олимпиаданың қорытынды кезеңіне қатысады. Бұл кезеңде шешу үшін 4 тапсырма ұсынылады.
Олимпиаданың қорытынды кезеңінің жеңімпаздары мен жүлдегерлері «Павлодар дарыны» орталығының дипломдарымен марапатталады.
Павлодар қаласының білім беру бөлімі